Об установлении ограничительных мероприятий

Постановление акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 4 апреля 2016 года № 80. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 25 апреля 2016 года № 3760. Утратило силу постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 5 января 2017 года № 02

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 05.01.2017 № 02 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 18) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 9) пункта 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и приказа Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 7-1/587 "Об утверждении Ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правил" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11940), акимат Каркаралинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. В связи с возникновением заболевания туберкулеза среди крупного рогатого скота, установить ограничительные мероприятия для товарищества с ограниченной ответственностью сервисный заготовительный центр "Абайский" расположенный на территории Бесобинского сельского округа.
      2. Провести ветеринарно-санитарные, оздоровительные и ограничительные мероприятия в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Каркаралинского района Б.М. Токмурзина.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Аким Каркаралинского района К.М. Максутов

      СОГЛАСОВАНО
      Руководитель государственного учреждения
"Каркаралинская районная территориальная
инспекция комитета ветеринарного контроля
и надзора Министерства сельского хозяйства
Республики Казахстан"
Т.Ж. Копжасаров

      31 марта 2016 года.

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 80 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 сәуірде № 3760 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 05.01.2017 № 02 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 "Ветеринариялық (ветеринариялық–санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бесоба ауылдық округінде орналасқан "Абай" сервистік дайындау орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында ірі қара малдан туберкулез ауруының шығуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Б.М. Токмурзинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қарқаралы ауданының әкімі К.М. Максутов

      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық
бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т.Ж. Көпжасаров

      2016 жыл 31 наурыз.