О предоставлении в 2017 году мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и бюджетного кредита для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Нуринского района

Решение 9 сессии Нуринского районного маслихата Карагандинской области от 22 декабря 2016 года № 90. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 9 января 2017 года № 4095

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить в 2017 году меры социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Нуринского района в виде подъемного пособия в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю на момент подачи заявления и для приобретения или строительства жилья в виде бюджетного кредита в сумме заявленной специалистом, но не превышающей одну тысячу пятисоткратного месячного расчетного показателя на момент подачи заявления.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии С. Ныгметов
      Секретарь районного маслихата Т. Оспанов

      СОГЛАСОВАНО:

      Руководитель отдела экономики и финансов Нуринского района
______________ М.Мухамеджанова

      22 декабря 2016 г.

Нұра ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешенінің мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын 2017 жылы ұсыну туралы

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы 9 сессиясының № 90 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қаңтарда № 4095 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Нұра ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешенінің мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы түрінде және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш берген сәтіне, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шаралары 2017 жылы ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Нығметов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Оспанов

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Экономика және қаржы
бөлімінің басшысы
___________ М. Мұхамеджанова

      "22" желтоқсан 2016 ж.