О внесении дополнения в постановление акимата города Экибастуза от 29 февраля 2016 года № 215/3 "Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором"

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 05 августа 2016 года № 845/8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 23 августа 2016 года № 5214. Утратило силу постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 12 декабря 2018 года № 1182/12 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 12.12.2018 № 1182/12 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках", в целях оптимального и эффективного расходования бюджетных средств, акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. В постановление акимата города Экибастуза от 29 февраля 2016 года № 215/3 "Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором" (зарегистрировано в Департаменте юстиции Павлодарской области 14 марта 2016 года № 4988, опубликовано 17 марта 2016 года в газетах "Отарқа" № 11 (1313) и "Голос Экибастуза" № 11 (3125) внести следующее дополнение:

      приложение к вышеуказанному постановлению дополнить строкой 4 следующего содержания:

"

4

Государственные закупки работ способами конкурса (аукциона) в рамках Дорожной карты занятости 2020, в случае, если сумма лота (пункта плана), выделенная на закуп составляет от десятитысячакратного месячного расчетного показателя до двадцатитысячакратного месячного расчетного показателя

".

      2. Государственному учреждению "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата города Экибастуза" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Экибастуза.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Экибастуза К. Нукенов

Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 215/3 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 05 тамыздағы № 845/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 тамызда № 5214 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 1182/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 12.12.2018 № 1182/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" (Павлодар облысының әділет департаментінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4988 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда № 11 (1313) "Отарқа" және № 11 (3125) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) № 215/3 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы келесі мазмұндағы 4-жолмен толықтырылсын:

"

4

Егерде сатып алуға бөлінген лот сомасы (жоспар тармағы) он мың есе айлық есептік көрсеткіштен жиырма мың есе айлық есептік көрсеткішке дейін болса, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде конкурс (аукцион) әдістерімен жұмыстарды мемлекеттік сатып алулары

".

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі К. Нукенов