Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором

Постановление акимата Баянаульского района Павлодарской области от 29 января 2016 года № 29/01. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 04 марта 2016 года № 4955. Утратило силу постановлением акимата Баянаульского района Павлодарской области от 10 декабря 2019 года № 415/12 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Баянаульского района Павлодарской области от 10.12.2019 № 415/12 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О государственных закупках" от 4 декабря 2015 года, а также в целях оптимального и эффективного использования бюджетных средств акимат Баянаульского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить для заказчиков единым организатором государственных закупок по Баянаульскому району государственное учреждение "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Баянаульского района".

      2. Определить бюджетные программы и товары, работы, услуги, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором государственных закупок согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Заказчикам, администраторам местных бюджетных программ обеспечить предоставление заказчиками необходимых документов единому организатору государственных закупок на организацию и проведение государственных закупок согласно действующему законодательству Республики Казахстан о государственных закупках.

      4. Государственному учреждению "Отдел финансов Баянаульского района" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления в территориальном органе юстиции направление на официальное опубликование в средствах массовой информации и размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Баянаульского района.

      5. Государственному учреждению "Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Баянаульского района" принять иные необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Баянаульского района.

      7. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района Н. Күлжан

  Приложение
к постановлению акимата
Баянаульского района от "29"
января 2016 года № 29/01

Бюджетные программы и товары, работы, услуги,
по которым организация и проведение государственных
закупок выполняется единым организатором

      Сноска. Приложение - в редакции постановления акимата Баянаульского района Павлодарской области от 01.10.2018 № 268/10 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

№ п/п

Наименование

1

Государственные закупки товаров, работ, услуг способами конкурса (аукциона) в рамках бюджетных программ развития, предусматривающих реализацию бюджетных инвестиционных проектов районным местным исполнительным органом

2

Государственные закупки товаров, работ, услуг способами конкурса (аукциона), если сумма лота (пункта плана), выделенная на закуп превышает трехтысячекратный месячный расчетный показатель, но не более стотысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год по инициативе заказчиков

     

Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 29/01 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 04 наурызда № 4955 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 415/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 10.12.2019 № 415/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы, 1 тармағының, 3) тармақшасына сәйкес бюджеттік қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Баянауыл ауданы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып анықталсын.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      3. Тапсырыс берушілер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тапсырыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуын қамтамасыз етсін.

      4. "Баянауыл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан әкімдігінің интернет–ресурсында жариялауын қамтамасыз етсін.

      5. "Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да қажетті шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Күлжан

  Баянауыл ауданы әкімдігінің
2016 жыл "29" қаңтардағы
№ 29/01 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік
бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 01.10.2018 № 268/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Атауы

1

Аудандық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2

Тапсырыс берушілер бастамасы бойынша тиісті қаржы жылына белгіленген сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен асатын, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен аспаса конкурс (аукцион) тәсілімен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мемлекеттік сатып алулар