О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 14 августа 2015 года № 250 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача заключений государственной экологической экспертизы для объектов ІІ, ІІІ и ІV категории"

Постановление акимата Атырауской области от 26 апреля 2016 года № 83. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 27 мая 2016 года № 3529. Утратило силу постановлением акимата Атырауской области от 25 декабря 2019 года № 304 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Атырауской области от 25.12.2019 № 304 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" и статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Атырауской области от 14 августа 2015 года № 250 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача заключений государственной экологической экспертизы для объектов II, III и IV категории" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3293, опубликовано 1 октября 2015 года в газете "Прикаспийская коммуна") следующие изменения:

      в приложении:

      в Регламенте государственной услуги "Выдача заключений государственной экологической экспертизы для объектов II, III и IV категории", утвержденном указанным постановлением:

      абзац четвертый пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "2) Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация)";

      в пункте 4 после слов "(далее - Стандарт)" дополнить словами "(зарегистрированный в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11229)";

      в абзаце шестом подпункта 2) пункта 8 в тексте на русском языке слово "работник" заменить словом "работника";

      по всему тексту слова "ЦОН", "ЦОНа" заменить словами "Государственная корпорация", "Государственной корпорации", "Государственную корпорацию", слова "центром обслуживания населения" заменить словами "Государственной корпорацией", слова "отдела государственной экологической экспертизы" заменить словами "отдела государственной экологической экспертизы и выдачи разрешения";

      приложения 1, 2, 3 изложить в новой редакции согласно приложениям 1, 2, 3 к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Накпаева С. Ж. - заместителя акима Атырауской области.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Н. Ногаев

  Приложение 1 к постановлению акимата Атырауской области от "26" апреля 2016 г. № 83 Приложение 1 к Регламенту государственной услуги "Выдача заключений государственной экологической экспертизы для объектов II, III и IV категорий"

Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) с указанием длительности каждой процедуры (действии)


  Приложение 2 к постановлению акимата Атырауской области от "26" апреля 2016 г. № 83
  Приложение 2 к Регламенту государственной услуги "Выдача заключений государственной экологической экспертизы для объектов II, III и IV категорий"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги "Выдача заключений государственной экологической экспертизы для объектов II, III и IV категорий"



  Приложение 3 к постановлению акимата Атырауской области от "26" апреля 2016 г. № 83
  Приложение 3 к Регламенту государственной услуги "Выдача заключений государственной экологической экспертизы для объектов II, III и IV категорий"

Диаграмма №1 функционального взаимодействия при оказании государственной услуги через Государственную корпорацию


Диаграмма №2 функционального взаимодействия при оказании государственной услуги через портал


      Таблица. Условные обозначения



Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 250 "ІІ, ІІІ және ІV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 83 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 мамырда № 3529 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкiмдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 250 "ІІ, ІІІ және ІV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3293 болып тіркелген, 2015 жылы 1 қазанда "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қосымшасында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "ІІ, ІІІ және ІV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:

      1-тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2) "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)";

      4-тармақта "(бұдан әрі – Стандарт)" деген сөздерден кейін "(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11229 болып тіркелген)" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацында орыс тіліндегі мәтінде "работник" сөзі "работника" деген сөзбен өзгертілсін;

      барлық мәтін бойынша "ХҚКО", "ХҚКО-ның" деген сөздер "Мемлекеттік корпорация", "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияның" деген сөздермен, "Халыққа қызмет көрсету орталығымен" деген сөздер "Мемлекеттік корпорация" деген сөздермен, "мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімі" деген сөздер "мемлекеттік экологиялық сараптама және рұқсат беру бөлімі" деген сөздермен өзгертілсін;

      1, 2, 3 - қосымшалар осы қаулының 1, 2, 3 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С. Ж. Нақпаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  Атырау облысы әкімдігінің 2016
жылғы "26" сәуіріндегі № 83
қаулысына 1-қосымша
"II, III және IV санаттағы
объектілерге мемлекеттік
экологиялық сараптама
қорытындысын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы


  Атырау облысы әкімдігінің 2016
жылғы "26" сәуіріндегі № 83
қаулысына 2-қосымша
"ІІ, ІІІ және ІV санаттағы
объектілерге мемлекеттік
экологиялық сараптама
қорытындысын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2 - қосымша

"ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



  Атырау облысы әкімдігінің 2016
жылғы "26" сәуіріндегі № 83
қаулысына 3-қосымша "II, III
және IV санаттағы объектілерге
мемлекеттік экологиялық
сараптама қорытындысын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс- қимылдың №1 диаграммасы


Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың №2 диаграммасы


      Кесте. Шартты белгілер