О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

Решение Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 19 марта 2016 года N 31/2-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 12 апреля 2016 года N 4486. Утратило силу решением Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 24 июня 2020 года № 50/15-VI

      Сноска. Утратило силу решением Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 24.06.2020 № 50/15-VI (вводится в действие с 08.06.2020).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Курчумский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Дополнительно регламентировать порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций согласно приложению к настоящему решению.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Д. Сеитказин
      Секретарь Курчумского районного маслихата К. Абилмажинов

  Утвержден
решением Курчумского
районного маслихата
от 19 марта 2016 года
№ 31/2-V

Дополнительный порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

      1. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации, а также выступления их участников проводятся в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и в обусловленном месте.
      2. Место проведения митингов и собраний: Восточно-Казахстанская область, Курчумкий район, село Курчум, Центральная площадь, рядом с зданием "Центра молодежи".
      3. Шествия и демонстрации проходят по маршруту: Восточно-Казахстанская область, Курчумский район, село Курчум, от улицы Исабекова по улице Бауыржан Момышулы до улицы Ибежанова.
      4. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций уполномоченные (организаторы), а также иные участники соблюдают общественный порядок.
      5. Организаторами и участниками мероприятия не допускается:
      1) препятствование движению транспорта и пешеходов;
      2) создание помех для бесперебойного функционирования объектов инфраструктуры населенного пункта;
      3) установление юрт, палаток, иных временных сооружений без согласования с местным исполнительным органом района;
      4) вмешательство в любой форме в деятельность представителей государственных органов, обеспечивающих общественный порядок при проведении мероприятий;
      5) нанесение ущерба зеленым насаждениям, малым архитектурным формам;
      6) иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также специально подготовленные или приспособленные предметы, могущие быть использованными против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;
      7) проведение собрания, митинга, шествия, пикетирования или демонстрации, если целью их проведения является разжигание расовой, национальной, социальной, религиозной нетерпимости, сословной исключительности, насильственное ниспровержение конституционного строя, посягательство на территориальную целостность республики, а также нарушение других положений Конституции, законов и иных нормативных актов Республики Казахстан, либо их проведение угрожает общественному порядку и безопасности граждан;
      8) участие в состоянии алкогольного и наркотического опьянения.
      6. В местах проведения собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации не допускается распитие алкогольных напитков, употребление наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов; использование транспарантов, лозунгов, иных материалов (визуальных, аудио/видео), а также публичные выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, антиобщественного поведения и иных правонарушений.
      7. Пикеты должны проводиться в соответствии с целями, указанными в заявлении.
      8. При пикетировании разрешается:
      1) стоять, сидеть у пикетируемого объекта;
      2) использовать средства наглядной агитации;
      3) выкрикивать краткие лозунги, слоганы по теме пикета.
      9. Для переформатирования/продолжения пикета в иной форме митинг/собрание/шествие необходимо получение в установленном порядке разрешение местного исполнительного органа района.
      10. Не допускается проведение массовых мероприятий на объектах железнодорожного, водного и воздушного транспорта, а также у организаций, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения (общественный транспорт, снабжение водой, электроэнергией, теплом и другими энергоносителями), и учреждений здравоохранения и образования.
      11. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации прекращаются по требованию представителя местного исполнительного органа района, если: не было подано заявление, состоялось решение о запрещении, нарушен порядок их проведения, а также при возникновении опасности для жизни и здоровья граждан, нарушении общественного порядка.
      12. В случае отказа от выполнения законных требований представителя местного исполнительного органа района по его указанию органами внутренних дел принимаются необходимые меры по прекращению собрания, митинга, шествия, пикетирования и демонстрации.

Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 наурыздағы N 31/2-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 cәуірде N 4486 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 50/15-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 50/15-VI шешімімен (08.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Сеитқазин
      Күршім аудандық мәслихаттың хатшысы Қ. Әбілмәжінов

  Күршім
аудандық мәслихатының
2016 жылғы 19 наурыздағы
№ 31/2-V шешімімен бекітілген

Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

      1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
      2. Митингiлер және жиналыстар өткізілетін орын: Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, "Жастар орталығы" ғимаратының жанындағы Орталық алаң белгіленді.
      3. Шерулер мен и демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді: Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесімен Исабеков көшесінен бастап Ибежанов көшесіне дейін белгіленді.
      4. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.
      5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
      3) Ауданның жергiлiктi атқарушы органмен келісусіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
      4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
      6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
      7) егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса;
      8) алколгольдік немесе наркологиялық масаю жағдайында қатысуға жол берілмейді.
      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін пайдалануға; қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспоранттар, ұрандар, басқада материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ, көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
      7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізілуі тиіс.
      8. Пикет өткізу кезінде:
      1) пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;
      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
      3) қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға рұқсат етіледі.
      9. Пикетті тұрпатын өзгерту/өзге түрде жалғастыру үшін митинг/жиналыс/шеру ауданның жергілікті атқарушы органның белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.
      10. Бұқаралық шараларды темiр жол, су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.
      11. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтарында өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданның жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылады.
      12. Ауданның жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары тарапынан жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қабылданады.