О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

Решение Зеленовского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 21 апреля 2016 года № 2-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 3 мая 2016 года № 4368. Утратило силу решением маслихата района Бәйтерек Западно-Казахстанской области от 20 февраля 2020 года № 44-3

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Бәйтерек Западно-Казахстанской области от 20.02.2020 № 44-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", Зеленовский районный маслихат РЕШИЛ:
      Сноска. В преамбуле на государственном языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется решением Зеленовского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 10.08.2016 № 4-7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      1. Дополнительно регламентировать порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Зеленовском районе согласно приложению.
      2. Руководителю аппарата районного маслихата (Терехов Г. А.) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии В. Козин
      Секретарь районного маслихата Р. Исмагулов

  Приложению
к решению маслихата
Зеленовского района
от 21 апреля 2016 года № 2-3

Дополнительно регламентированный порядок проведения собраний, митингов,
шествий, пикетов и демонстраций в Зеленовском районе

1. Общие положения

      1. Настоящий дополнительно регламентированный порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан" (далее – Закон) и дополнительно регламентирует порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Зеленовском районе.
      2. Формами выражения общественных, групповых или личных интересов и протеста, именуемых в законодательстве собраниями, митингами, шествиями и демонстрациями, следует понимать также голодовку в общественных местах, возведение юрт, палаток, иных сооружений и пикетирование.

2. Дополнительное регламентирование порядка проведения собраний, митингов,
шествий, пикетов и демонстраций

      3. О проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается заявление в акимат Зеленовского района (далее – Акимат).
      4. Заявление о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается в письменной форме не позднее, чем за 10 дней до намеченной даты их проведения. В заявлении указывается цель, форма, место проведения мероприятия или маршруты движения, время его начала и окончания, предполагаемое количество участников, фамилии, имена, отчества уполномоченных (организаторов) и лиц, ответственных за соблюдение общественного порядка, место их жительства и работы (учебы), дата подачи заявления. Срок подачи заявления исчисляется со дня его регистрации в Акимате.
      5. Акимат рассматривает заявление и сообщает уполномоченным (организаторам) о принятом решении не позднее чем за пять дней до времени проведения мероприятия, указанного в заявлении.
      6. В случае не соблюдения требования пункта 4 настоящего порядка при подаче заявления о проведении собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций (то есть процедурные требования) оно не может являться основанием для отказа в проведении собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций.
      В таких случаях Акиматом дается официальный ответ разъяснительного характера с предложением устранить допущенные нарушения путем подачи нового заявления. Сроки рассмотрения нового заявления исчисляются с момента его поступления.
      Сноска. Пункт 6 - в редакции решения Зеленовского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 17.05.2016 № 3-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      7. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций, уполномоченные (организаторы), а также иные участники должны соблюдать общественный порядок.
      8. Организаторам и участникам мероприятий не допускается:
      1) препятствовать движению транспорта и пешеходов;
      2) создавать помехи для бесперебойного функционирования объектов инфраструктуры населенного пункта;
      3) устанавливать юрты, палатки, иные временные сооружения без согласования с Акиматом;
      4) наносить ущерб зеленым насаждениям, малым архитектурным формам;
      5) иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также специально подготовленные или приспособленные предметы, могущие быть использованными против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;
      6) участие в собрании, митинге, шествии, пикете и демонстрации лиц, находящихся в состоянии алкогольного или наркотического опьянения;
      7) использовать транспаранты, лозунги и иные материалы (визуальные, аудио/видео), а также публичные выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, совершению преступлений, разжигание расовой, национальной, социальной, религиозной нетерпимости, сословной исключительности, насильственное ниспровержение конституционного строя, посягательство на территориальную целостность республики;
      8) распивать алкогольные напитки, употреблять наркотические средства, психотропные вещества, их аналоги и прекурсоры;
      9) вмешиваться в любой форме в деятельность представителей государственных органов, обеспечивающих общественный порядок при проведении мероприятий.
      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенным решением Зеленовского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 17.05.2016 № 3-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      9. Местом проведения митингов и собраний в Зеленовском районе определить: площадь на пересечение улиц В. И. Чапаева и М. Ауезова в селе Переметное, Переметнинского сельского округа.
      10. Местом проведения шествий и демонстраций в Зеленовском районе определить следующий маршрут: от улицы 50 лет Победы дом 81 до пересечения улиц В. И. Чапаева и М. Ауезова в селе Переметное, Переметнинского сельского округа.
      11. Места, определенные Акиматом для проведения собраний, митингов, шествий и демонстраций оснащаются камерами видеонаблюдения, скамейками, освещением и урнами для мусора.
      12. Пикеты должны проводиться в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и обусловленном месте.
      13. В случае изменения проведения пикета на иную форму (митинг, собрание, шествие, демонстрацию) требуется получение в установленном порядке разрешения Акимата.
      14. Акимат может разрешить проведение в один и тот же день и время на одном и том же объекте не более трех одиночных пикетов.
      Участники различных одиночных пикетов должны располагаться относительно друг друга на расстоянии не менее 50 метров.

3. Ответственность за нарушение дополнительно регламентированного порядка
проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

      15. Лица, нарушившие установленный порядок организации и проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций, несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Материальный ущерб, причиненный во время проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций их участниками гражданам, общественным объединениям, государству, подлежит возмещению в установленном законодательством порядке.
      Все дополнительно возникшие затраты, в том числе по охране общественного порядка, предоставлению помещений, санитарной очистке, освещению и радиофицированию места проведения собрания, митинга, шествия, пикета и демонстрации, возмещаются их организаторами.

Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 2-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 мамырда № 4368 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 ақпандағы № 44-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 20.02.2020 № 44-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Зеленов аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 10.08.2016 № 4-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қосымшаға сәйкес Зеленов ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г. А. Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Козин
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов

  2016 жылғы 21 сәуірдегі № 2-3
Зеленов аудандық
мәслихатының шешіміне
қосымша

Зеленов ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен
демонстрациялар өткізу бойынша қосымша реттелген тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу бойынша қосымша реттелген тәртібі "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңына (одан әрі – Заң) сәйкес әзірленіп, Зеленов ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.
      2. Заңдарда жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар деп аталатын қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен қарсылық білдірудің нысандары ретінде, сонымен қатар қоғамдық орындарда аштық жариялауды, киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар тұрғызуды және пикет қоюды түсіну керек.

2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар
өткізу тәртібін қосымша реттеу

      3. Зеленов ауданының әкімдігіне (одан әрі – Әкімдік) жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш беріледі.
      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш, оны өткізудің белгіленген мерзімінен кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараның өткізу мақсаты, нысаны, өткізілетін орны немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген күні көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі Әкімдікте тіркелген күннен бастап есептеледі.
      5. Әкімдік өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешім туралы хабарлайды.
      6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш беру кезінде осы тәртіптің 4-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда (яғни, рәсімдік талаптар), ол жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды.
      Мұндай жағдайда Әкімдік жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі, оның келіп түскен күнінен бастап есептеледі.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 17.05.2016 № 3-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрациялар өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.
      8. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
      1) көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауына;
      2) елді мекеннің инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне;
      3) Әкімдіктің келісімінсіз киіз үйлер, шатырлар өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
      4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтіруіне;
      5) заңды тұлғалардың жеке меншіктеріне және азаматтарға материалдық шығын келтіретін, адамдардың денсаулығы мен өміріне қарсы қолданылатын, сондай-ақ басқа да арнайы дайындалған немесе бейімделген заттар, суық, ату және басқа да қарулардың болуына;
      6) алкогольдік ішімдік ішкен және есірткі қабылдаған жағдайда жиналысқа, митингіге, шеруге, пикетке немесе демонстрацияға қатысуға;
      7) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғуға бағытталған транспаранттарды, ұрандарды және басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеуге;
      8) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі заттарды қолдануға, психотропты заттарды, соған ұқсас заттарды және прекурсорларды пайдалануға;
      9) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуына жол берілмейді.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 17.05.2016 № 3-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Зеленов ауданында митингтер мен жиналыстарды өткізу орны Переметный ауылдық округі, Переметный ауылы В. И. Чапаев пен М. Әуезов көшесі қиылысындағы алаңы белгіленсін.
      10. Зеленов ауданында шеру және демонстрация өткізетін орынның маршруты болып Переметный ауылдық округі, Переметный ауылы 50 лет Победы көшесі 81 үйінен бастап В. И. Чапаев пен М. Әуезов көшесі қиылысына дейін белгіленсін.
      11. Әкімдікпен белгіленген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары видео бақылау камераларымен, орындықтармен, жарықпен және күл-қоқыс салатын жәшіктермен жабдықталады.
      12. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес, белгілі уақытта, келісілген орында жүргізілуі тиіс.
      13. Пикеттің басқа (митинг, жиналыс, шеру, демонстрация) формадағы жалғасуына, басқа форматта өзгеруіне Әкімдігінен белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсат алуы қажет.
      14. Әкімдік бір уақытта, бір күнде және бір орында кемінде 3 жеке дара пикет өткізуге рұқсат етуі мүмкін.
      Әртүрлі жеке дара пикеттердің қатысушылары бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта тұруы керек.

3. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды
өткізу бойынша қосымша реттелген тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

      15. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
      Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу кезінде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке келтірген материалдық залалы үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиіс.
      Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткізілетін жерде қоғамдық тәртіпті сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөніндегі туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейді.