О внесении изменений в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 16 июля 2009 года № 151 "Об утверждении Правил определения целесообразности бюджетного кредитования"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 12 августа 2017 года № 300. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 августа 2017 года № 15504. Утратил силу приказом и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 февраля 2018 года № 61 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра национальной экономики РК от 16.02.2018 № 61 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 16 июля 2009 года № 151 "Об утверждении Правил определения целесообразности бюджетного кредитования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5727, опубликован в 2009 году в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 8) следующие изменения:

      в заголовок и в пункт 1 приказа вносятся изменения на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Ставка вознаграждения по бюджетному кредиту при реализации инвестиционных проектов определяется в последовательности: для конечного заемщика – для заемщиков. Администратором бюджетной программы представляются расчеты и обоснования по ставке доходности, позволяющей реализовать проект, и величинам параметров, закладываемых в маржу заемщиков.

      Размер ставки вознаграждения для конечного заемщика при реализации инвестиционных проектов устанавливается расчетным путем, исходя из финансово-экономической эффективности проекта, и равно значению внутренней нормы доходности.

      При этом, размер ставки вознаграждения для конечного заемщика, устанавливаемый специализированной организацией, за исключением ставки вознаграждения по кредитам, предоставляемым субъектам агропромышленного комплекса, не превышает двукратной ставки вознаграждения, устанавливаемой на уровне не ниже сложившейся в предыдущем квартале по результатам операций на организованном вторичном рынке ценных бумаг средневзвешенной ставке доходности по соответствующим государственным эмиссионным ценным бумагам, эмитированным центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета со сроком обращения, соответствующим сроку бюджетного кредита.

      При бюджетном кредитовании на решение задач социальной политики государства и на реализацию государственной инвестиционной политики финансовыми агентствами маржа заемщика, за исключением финансовых агентств, осуществляющих деятельность по предоставлению вкладчикам промежуточных жилищных займов и предварительных жилищных займов на проведение мероприятий по улучшению жилищных условий, определяется расчетным путем, исходя из величины закладываемых операционных расходов, и составляет от 0% до 1,5% от суммы бюджетного кредита ежегодно. При этом, в составе маржи заемщика уровень административных расходов не превышает 1% от суммы бюджетного кредита ежегодно, оценка риска не превышает 1% от суммы бюджетного кредита ежегодно.

      Размер ставки вознаграждения для конечного заемщика финансового агентства, осуществляющего деятельность по предоставлению промежуточных жилищных и предварительных жилищных займов на проведение мероприятий по улучшению жилищных условий не превышает 9,5 % годовых с учетом маржи.

      Данные величины рассчитываются на основании предоставленной информации в составе документации согласно пункту 14 настоящих Правил.";

      пункт 33 изложить в следующей редакции:

      "33. Определение целесообразности бюджетного кредитования на решение задач социальной политики государства осуществляется путем согласования соответствующей государственной или правительственной программы или изменений и дополнений в данную программу, предусматривающих мероприятия, планируемые к финансированию посредством бюджетного кредитования, на основании документации, предоставляемой администратором бюджетной программы согласно пункту 14 настоящих Правил.".

      2. Департаменту бюджетных инвестиций и развития государственно-частного партнерства Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках на официальное опубликование в периодические печатные издания, а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 июля 2017 года.

      Министр
национальной экономики
Республики Казахстан
Т. Сулейменов

      "СОГЛАСОВАНО"
Министр финансов
Республики Казахстан
__________ Б. Султанов

      " " 2017 года

"Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және Бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 12 тамыздағы № 300 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 тамызда № 15504 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 16 ақпандағы № 61 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 16.02.2018 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5727 болып тіркелген, 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерінің жинағының № 8 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Инвестициялық жобаларды іске асырған кезде бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі мынадай реттілікпен айқындалады: түпкілікті қарыз алушылар үшін – қарыз алушылар үшін. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін кірістілік мөлшерлемесі және қарыз алушылардың маржасына салынатын параметрлердің шамалары бойынша есептер мен негіздемелерді ұсынады.

      Түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне байланысты есеп айырысу жолымен белгіленеді және ішкі кірістілік нормасының мәніне тең болады.

      Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін қоспағанда, түпкілікті қарыз алушы үшін мамандандырылған ұйым белгілейтін сыйақы мөлшерлемесінің көлемі айналыс мерзімі бюджеттік кредит мерзіміне сәйкес келетін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша өткен тоқсанда бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша қалыптасқан кірістің орташа өлшенген мөлшерлемесінен төмен емес деңгейде белгіленетін екі еселенген сыйақы мөлшерлемесінен аспайды.

      Бюджеттік кредиттеу кезінде мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға қаржы агенттері қарыз алушының маржасын, тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін алдын ала тұрғын үй және аралық тұрғын үй қарыздарын беретін қаржы агенттерінен басқа, салынатын операциялық шығыстардың көлемін ескере отырып есеп айырысу жолымен айқындайды және жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 0 %-дан 1,5 %-на дейінгі сомасын құрайды. Бұл ретте қарыз алушы маржасының құрамындағы әкімшілік шығыстардың деңгейі жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 1 %-нан аспайды, тәуекелді бағалау жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 1 %-нан аспайды.

      Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізу үшін алдын ала тұрғын үй және аралық тұрғын үй қарыздарын беру бойынша қызметті жүзеге асыратын қаржы агенттігі маржасының мөлшері егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, ұзақ мерзімді айналыс мерзімімен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша өткен тоқсанда бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша қалыптасқан кірістің орташа өлшенген мөлшерлемесінен төмен емес деңгейде белгіленетін екі еселенген сыйақы мөлшерлемесінен аспайды.

      Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізу үшін алдын ала тұрғын үй және аралық тұрғын үй қарыздарын беру бойынша қызметті жүзеге асыратын қаржы агенттігінің соңғы қарыз алушысы үшін сыйақы мөлшерлемесінің көлемі маржаны ескере отырып, жылдық 9,5 %-дан аспайды.

      Аталған шамалар осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес құжаттама құрамында ұсынылған ақпараттың негізінде есептеледі.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Мемлекеттің әлеуметтік саясат міндеттерін шешу үшін бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау бюджеттік кредиттеу арқылы қаржыландыруға жоспарланған іс-шараларды көздейтін тиісті мемлекетік немесе үкіметтік бағдармаларды немесе оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу арқылы осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісі беретін құжаттама негізінде жүзеге асырылады".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік–жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қарым-қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      __________ Б. Сұлтанов

      " " 2017 жыл