О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 15 "Об утверждении Правил выдачи разрешения на добровольную реорганизацию банка в форме конвертации в исламский банк и отказа в выдаче разрешения"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 декабря 2017 года № 258. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 марта 2018 года № 16557.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.03.2020 № 31 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов Республики Казахстан, регулирующих деятельность банков второго уровня, Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 15 "Об утверждении Правил выдачи разрешения на добровольную реорганизацию банка в форме конвертации в исламский банк и отказа в выдаче разрешения" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13526, опубликованное 6 апреля 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      в Правилах выдачи разрешения на добровольную реорганизацию банка в форме конвертации в исламский банк и отказа в выдаче разрешения, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Выданное разрешение на конвертацию банка вносится в реестр выданных разрешений на добровольную реорганизацию банков (банковских холдингов), предусмотренный Правилами выдачи разрешения на добровольную реорганизацию банка (банковского холдинга) либо отказа в выдаче разрешения, выдачи разрешения на добровольную ликвидацию банков, а также возврата депозитов физических лиц, их перевода в другой банк, утвержденными постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 декабря 2006 года № 295, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4521.".

      2. Департаменту методологии финансового рынка (Абдрахманов Н.А.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) настоящего пункта и пунктом 3 настоящего постановления.

      3. Управлению по защите прав потребителей финансовых услуг и внешних коммуникаций (Терентьев А.Л.) обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Смолякова О.А.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Национального Банка Д. Акишев

 

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство информации и коммуникаций

      Республики Казахстан

      И.о. Министра ______________ К. Балыкбаев

      5 января 2018 года

 

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство национальной

      Экономики Республики Казахстан

      Исполняющий обязанности

      Министра _______________ Р. Даленов

      26 февраля 2018 года

"Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 15 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 258 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 наурызда № 16557 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 31 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 15 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13526 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Банкті айналдыруға берілген рұқсат Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4521 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 қаулысымен бекітілген Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке аудару қағидаларында көзделген банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілген рұқсаттардың тізіліміне енгізіледі.".

      2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
      Министрдің м.а. _______________ Қ. Балықбаев
2018 жылғы 5 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Министрдің міндетін
атқарушы _______________ Р. Дәленов
2018 жылғы 26 ақпан