Об установлении квоты для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда в Астраханском районе

Постановление акимата Астраханского района Акмолинской области от 7 сентября 2017 года № 211. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 6 октября 2017 года № 6104. Утратило силу постановлением акимата Астраханского района Акмолинской области от 13 декабря 2021 года № А-12/266

      Утратило силу постановлением акимата Астраханского района Акмолинской области от 13.12.2021 № А-12/266 (вступает в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14010), акимат Астраханского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда в Астраханском районе, организациям со списочной численностью работников:

      1) от пятидесяти до ста человек – в размере двух процентов списочной численности работников;

      2) от ста одного до двухсот пятидесяти человек – в размере трех процентов списочной численности работников;

      3) свыше двухсот пятидесяти одного человека – в размере четырех процентов списочной численности работников.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Астраханского района Ж.Шахпутову.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Астраханского
района
Т.Ерсеитов

Астрахан ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы

Ақмола облысы Астрахан ауданды әкімдігінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 211 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қазанда № 6104 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № А-12/266 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 13.12.2021 № А-12/266 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астрахан ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:

      1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Ж.Шахпұтоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов