Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Астраханском районе на 2018 год

Постановление акимата Астраханского района Акмолинской области от 15 ноября 2017 года № 279. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 22 ноября 2017 года № 6177

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, подпунктом 8) статьи 9, подпунктом 3) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат Астраханского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Астраханском районе на 2018 год, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Астраханского района Шахпутову Ж.К.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Астраханского
района
Т.Ерсеитов

  Приложение
к постановлению акимата
Астраханского района
№ 279 от "15" ноября 2017 года

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Астраханском районе на 2018 год

Наименование организаций

Списочная численность работников

Размер квоты (%)

1

Товарищество с ограниченной ответственностью "RBA"

7

14,3

2

Товарищество с ограниченной ответственностью "AZAM- KC"

54

1,9


2018 жылға арналған Астрахан ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 279 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қарашада № 6177 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2018 жылға арналған Астрахан ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Ж.Қ.Шахпұтоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының
әкімі
Т.Ерсейітов

  Астрахан ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "15" қарашадағы
№ 279 қаулысына
қосымша

2018 жылға арналған Астрахан ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдар атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

"RBA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

7

14,3

2

"AZAM- KC" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

54

1,9