Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения аппарата Ескельдинского районного маслихата и его описания

Решение маслихата Ескельдинского района Алматинской области от 6 февраля 2017 года № 11-65. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 17 февраля 2017 года № 4098. Утратило силу решением Ескельдинского районного маслихата области Жетісу от 4 июля 2024 года № 30-92

      Сноска. Утратило силу решением Ескельдинского районного маслихата области Жетісу от 04.07.2024 № 30-92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", Ескельдинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила выдачи служебного удостоверения аппарата Ескельдинского районного маслихата и его описание согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата Ескельдинского районного маслихата Сопакова Маулена Берликовича.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ескельдинского
      районного маслихата Б. Сыбанбаева
      Секретарь Ескельдинского
      районного маслихата К. Алпысбаев

  Приложение утвержденное решением Ескельдинского районного маслихата от "6" февраля 2017 года № 11-65

Правила выдачи служебного удостоверения аппарата Ескельдинского районного маслихата и его описание

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения аппарата Ескельдинского районного маслихата и его описание (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют порядок выдачи служебного удостоверения аппарата Ескельдинского районного маслихата (далее - аппарат маслихата) и его описание.

      2. Государственному служащему выдается служебное удостоверение (далее - удостоверение), которое является документом, подтверждающим его государственную должность и должностные полномочия.

      3. Удостоверение без соответствующего оформления, с просроченным сроком действия, помарками и подчистками считается недействительным.

2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      4. Удостоверение выдается за подписью секретаря Ескельдинского районного маслихата.

      5. Удостоверение выдается при назначении на должность, перемещении (переназначении), порче, утере и по истечении срока действия ранее выданного удостоверения.

      6. При освобождении от занимаемой должности, увольнении, перемещении (переназначении), работники, в течение трех рабочих дней со дня вынесения соответствующего приказа сдают удостоверение специалисту аппарата маслихата, занимающегося кадровыми вопросами.

      При замене удостоверения, ранее выданное удостоверение изымается специалистом аппарата маслихата, занимающегося кадровыми вопросами.

      7. За полученное удостоверение работники расписываются в журнале выдачи и возврата служебных удостоверений аппарата Ескельдинского районного маслихата (далее - журнал) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      8. Удостоверения и журнал хранятся у специалиста аппарата маслихата, занимающегося кадровыми вопросами.

      9. При вручении удостоверения государственному служащему, впервые принятому на государственную службу, проводится разъяснение по его пользованию и порядку его хранения.

      10. В случае утраты или порчи удостоверения, его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме специалиста аппарата маслихата, занимающегося кадровыми вопросами.

      11. Работник, утерявший удостоверение, направляет на опубликование в средства массовой информации информацию о недействительности утерянного удостоверения, о чем информирует специалиста аппарата маслихата, занимающегося кадровыми вопросами.

      12. Утраченное или испорченное удостоверение по вине работника, работник восстанавливает за счет собственных средств.

      13. Ежегодно, по состоянию на 1 января, специалист аппарата маслихата, занимающийся кадровыми вопросами проводит сверку соответствия удостоверений их данным.

      Уничтожение удостоверений производит специалист аппарата маслихата, занимающийся кадровыми вопросами ежегодно в первый понедельник декабря с составлением акта об уничтожений в произвольной форме.

      14. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, выдачи и уничтожения удостоверений осуществляет, специалист аппарата маслихата, занимающийся кадровыми вопросами.

3. Описание удостоверения

      15. Обложка удостоверения бордового цвета. В развернутом виде обложка удостоверения имеет размер - 70х195 миллиметра.

      На лицевой стороне удостоверения по центру в золотом цвете, размером - 27х27 миллиметра расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан. Ниже Государственного Герба Республики Казахстан на государственном языке в золотом цвете размещена надпись "МӘСЛИХАТ".

      Вкладыш удостоверения состоит из двух частей: левая и правая. Размер каждой стороны - 60х85 миллиметра. Вкладыш удостоверения выполняется в светло голубом цвете.

      На левой и правой стороне вкладыша изображен защитный тангир с использованием скрытой формы солнца и парящего орла.

      В верхней части левой стороны вкладыша удостоверения на государственном языке, в красном цвете размещена надпись "ЕСКЕЛДІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ". Под надписью размещен микротекст "Қазақстан Республикасы" красного цвета, по ниспадающей указывается номер удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность, наименование структурного подразделения, срок действия удостоверения на государственном языке.

      В левой части левой стороны вкладыша ниже от микротекста изображена рамка. В центре рамки размером - 25х25 миллиметра, изображен Государственный Герб Республики Казахстан.

      Ниже Государственного Герба Республики Казахстан на государственном языке в синем цвете размещена надпись "ҚАЗАҚСТАН".

      В верхней части правой стороны вкладыша удостоверения на русском языке, в красном цвете размещена надпись "ЕСКЕЛЬДИНСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ". Под надписью размещен микротекст "Қазақстан Республикасы" красного цвета, по ниспадающей указывается номер удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность, наименование структурного подразделения на русском языке и заверяется подписью секретаря Ескельдинского районного маслихата и гербовой печатью.

      В левой части правой стороны вкладыша ниже от микротекста изображена рамка для фотографии размером - 30х40 миллиметра.

  Приложение к Правилам выдачи служебного удостоверения аппарата Ескельдинского районного маслихата

      форма 

Журнал выдачи и возврата служебных удостоверений государственных служащих аппарата Ескельдинского районного маслихата

       

Фамилия, имя, Отчество (при наличии)

Занимаемая должность

Номер служебного удостоверения

Дата выдачи

Личная роспись о получении

Отметка о замене и сдаче служебного удостоверения (назначение, изменение должности, истечение срока, увольнение, утерия)

Личная роспись о сдаче

Уничтожение служебного удостоверения (номер и дата акта)











      Примечание: Журнал выдачи и возврата служебных удостоверений аппарата Ескельдинского районного маслихата прошнуровывается, пронумеровывается и заверяется подписью специалиста аппарата маслихата, занимающегося кадровыми вопросами и печатью.  

Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 ақпандағы № 11-65 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 17 ақпанда № 4098 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 шілдедегі № 30-92 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 04.07.2024 № 30-92 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Сопаков Маулен Берликовичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Б. Сыбанбаева
      Ескелді аудандық
      мәслихатының хатшысы Қ. Алпысбаев


  Ескелді аудандық мәслихатының 2017 жылғы "6" ақпан № 11-65 шешімімен бекітілген қосымша

Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының (бұдан әрі - мәслихат аппараты) қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылатын қызметтік куәлік (бұдан әрі - куәлік) беріледі.

      3. Тиісінше ресімделмеген, қолдану мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      4. Куәлік Ескелді аудандық мәслихаты хатшысының қолы қойылып беріледі.

      5. Куәлік лауазымға тағайындалған, ауыстырылған (қайта тағайындалған), бүлінген, жоғалған және алдындағы берілген куәліктің қолдану мерзімі өткен кезде беріледі.

      6. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер тиісті бұйрықтың шыққан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде куәлікті кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманына тапсырады.

      Куәлікті ауыстырған кезде, бұрын берілген куәлікті кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманы қайтарып алады.

      7. Қызметкерлер алған куәлік үшін, осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысаны бойынша Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналына қол қояды (бұдан әрі - журнал).

      8. Куәліктер және журнал кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманында сақталады.

      9. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

      10. Куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманына жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды.

      11. Кәулікті жоғалтқан қызметкер жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді, ол жөнінде кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманына хабарлайды.

      12. Қызметкердің кінәсінен жоғалған немесе бүлінген куәлікті, қызметкер өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді.

      13. Кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманы жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, куәліктердің деректерге сәйкестігін салыстыруды жүргізеді.

      Куәліктерді жоюды жою туралы еркін нысанда актіні жасай отырып, жыл сайын желтоқсанның бірінші дүйсенбісінде кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманы жүргізеді.

      14. Куәліктерді толтыру, ресімдеу, беру және жою тәртібін жалпы бақылауды кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманы жүзеге асырады.

3. Куәліктің сипаттамасы

      15. Куәліктің мұқабасы күрең қызыл түсті. Куәлік мұқабасының көлемі ашылған түрінде - 70х195 миллиметр болады.

      Куәліктің сырт жағының ортасында көлемі - 27х27 миллиметр, алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасынан төмен мемлекеттік тілде алтын түсті "МӘСЛИХАТ" деген жазу орналасқан.

      Куәлік жапсырмасы сол және оң жақ екі бөліктен тұрады. Әрбір жақтың көлемі - 60х85 миллиметр. Куәлік жапсырмасы ашық көгілдір түсте жасалады.

      Жапсырманың оң және сол жақтарында күн мен самғаған қыранның жасырын нысанын пайдалана отырып, қорғаныс тангирі бейнеленген.

      Куәлік жапсырмасының сол жағының жоғарғы бөлігінде мемлекеттік тілде, қызыл түсті "ЕСКЕЛДІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ" деген жазу орналасқан. Жазу астында қызыл түсті, "Қазақстан Республикасы" деген микромәтін орналасқан, төменге қарай мемлекеттік тілде куәлік нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы, құрылымдық бөлімшенің атауы, куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі.

      Жапсырманың сол жағының сол жақ бөлігінде микромәтіннен төмен жиектеме бейнеленген. Жиектеме ортасында көлемі - 25х25 миллиметр, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасынан төмен, мемлекеттік тілде көк түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан.

      Куәлік жапсырмасының оң жағының жоғарғы бөлігінде орыс тілінде, қызыл түсті "ЕСКЕЛЬДИНСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ" деген жазу орналасқан. Жазу астында қызыл түсті, "Қазақстан Республикасы" деген микромәтін орналасқан, төменге қарай орыс тілде куәлік нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы, құрылымдық бөлімшенің атауы көрсетіледі және Ескелді аудандық мәслихаты хатшысының қолымен және елтаңбалық мөрімен бекітіледі.

      Жапсырманың оң жағындағы сол жақ бөлігінде микромәтіннен төмен көлемі - 30x40 миллиметр фотосурет үшін жиектеме орналасқан.

     

  Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидаларына қосымша нысан

Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Берілген күні

Алғаны жөнінде
жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыру және тапсырғаны (тағайындалуы лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы туралы белгі)

Тапсырғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

 










      Ескертпе: Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы тігіліп, нөмірленіп және кадр мәселесімен айналысатын мәслихат аппаратының маманының қолымен және мөрімен расталады.