Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Жамбылской области

Постановление акимата Жамбылской области от 11 декабря 2017 года № 273. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 5 января 2018 года № 3665

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка", акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Жамбылской области согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Отделу по работе с правоохранительными органами и правового обеспечения аппарата акима области в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления его направление на официальное опубликование;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Жамбылской области;

      4) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Б. Орынбекова.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области К. Кокрекбаев

      "СОГЛАСОВАНО"

      Исполняющий обязанности начальника

      Департамента внутренних дел

      Жамбылской области

      Министерство внутренних дел

      Республики Казахстан

      полковник полиции Б. Байгелді

      "11" декабря 2017 года

  Приложение к постановлению
акимата Жамбылской области
от 11 декабря 2017 года № 273

Виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Жамбылской области

1. Виды поощрений

      1. Виды поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка:

      1) объявление благодарности;

      2) награждение грамотой;

      3) выдача денежной премии.

2. Порядок поощрений

      2. Вопросы поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка, способствовавших предупреждению и пресечению преступлений, рассматривает комиссия, созданная акиматом Жамбылской области.

      3. О поощрении денежными вознаграждениями граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка, обеспечении общественной безопасности, предупреждении и пресечении преступлений, начальник Департамента внутренних дел Жамбылской области на рассмотрение комиссии вносит предложение.

      4. Основанием для поощрения является решение, принятое комиссией, а для выплаты денежного вознаграждения - приказ начальника Департамента внутренних дел Жамбылской области согласно решения, принятой комиссией.

      5. В состав комиссии включаются представители местных представительных и исполнительных органов, а также органа внутренних дел, представившего гражданина к поощрению. Комиссия вправе поощрить также граждан, не зарегистрированных в местных исполнительных органах, установленном порядке, если они способствовали предупреждению, пресечению или раскрытию уголовных правонарушений.

3. Размер денежного вознаграждения

      6. Размер денежного вознаграждения устанавливается комиссией и не превышает, как правило, 10-кратного месячного расчетного показателя.

      7. Выплата денежного вознаграждения производится за счет средств областного бюджета Департаментом внутренних дел Жамбылской области.

      8. Средства на выплату поощрений предусматриваются в составе расходов Департамента внутренних дел Жамбылской области отдельной программой.

Жамбыл облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 273 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қаңтарда № 3665 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдармен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      Жамбыл облысының ішкі істер

      департаменті бастығының

      міндетін атқарушы

      полиция полковнигі Б. Байгелді

      "11" желтоқсан 2017 жыл

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2017 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 273 қаулысына қосымша

Жамбыл облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері

1. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

2. Көтермелеудің тәртібі

      2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Жамбыл облысы әкімдігімен құрылған комиссия қарайды.

      3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің бастығы ұсынады.

      4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Жамбыл облысы ішкі істер департаменті бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.

      5. Комиссияның құрамына жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ азаматты көтермелеуге ұсынған ішкі істер органының өкiлдерi енгiзiледi. Комиссия жергiлiктi атқарушы органдарда тiркелмеген азаматтарды да, егер олар қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге немесе оларды ашуға ықпал етсе, белгiленген тәртiппен көтермелеуге құқылы.

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

      6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгiленеді және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

      7. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Жамбыл облысының ішкі істер департаментімен жүргiзіледі.

      8. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Жамбыл облысы ішкі істер департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.