Об объявлении чрезвычайной ситуации объектового масштаба

Решение акима города Сарани Карагандинской области от 21 февраля 2017 года № 02. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 27 февраля 2017 года № 4155

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", на основании протокола № 2 внеочередного заседания комиссии города Сарани по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций от 28 января 2017 года, аким города Сарани РЕШИЛ:
      1. В связи с возможной угрозой возникновения аварийной ситуации в доме № 43 по улице Ковыльная в поселке Актас города Сарани, объявить на объекте чрезвычайную ситуацию объектового масштаба.
      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить акима поселка Актас Сулейменова К.С.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Исполняющий обязанности акима
      города Сарани М. Кожухов

Объектілік масштабтағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 02 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 ақпанда № 4155 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасындағы 2014 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Саран қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 2 хаттамасы негізінде, Саран қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. Саран қаласы Ақтас поселкесінің Ковыльная көшесіндегі № 43 үйде апатты жағдайдың туындауы мүмкін болуына байланысты объектіде объектілік масштабтағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Ақтас поселкесінің әкімі Қ.С. Сулейменов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Саран қаласы
      әкімінің міндетін атқарушы М. Кожухов