Об определении единого организатора государственных закупок

Постановление акимата Абайского района Карагандинской области от 10 марта 2017 года № 10/06. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 10 апреля 2017 года № 4212. Утратило силу постановлением акимата Абайского района Карагандинской области от 21 июня 2019 года № 25/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Абайского района Карагандинской области от 21.06.2019 № 25/01 (вводится в действие с момента официального опубликования).

      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 7, подпунктом 3) пункта 1 статьи 8 и Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках" и подпунктом 3) пункта 28 Правил осуществления государственных закупок, утвержденных Приказом министра финансов Республики Казахстан № 648 от 11 декабря 2015 года "Об утверждении Правил осуществлении государственных закупок" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 28 декабря 2015 года № 12590), в целях оптимального и эффективного расходования бюджетных средств, а также повышения прозрачности процедур государственных закупок акимат Абайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить государственное учреждение "Отдел государственных активов и закупок Абайского района" единым организатором государственных закупок.

      2. Председателем конкурсных комиссий по государственным закупкам, проводимым единым организатором – государственным учреждением "Отдел государственных активов и закупок Абайского района" определить акима Абайского района.

      3. Определить работы, организация и проведение государственных закупок которых выполняются единым организатором государственных закупок, согласно приложения к настоящему постановлению.

      4. Администраторам бюджетных программ выступить в качестве организатора государственных закупок для подведомственных им государственных учреждений, юридических лиц, в отношении которых они выступают органами государственного управления, либо лиц, аффилированных с юридическими лицами, в отношении которых администраторы бюджетных программ выступают органами государственного управления.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      акима Абайского района М. Магзин

  Приложение
к постановлению акимата Абайского района № 10/06
от 10 марта 2017 года

Перечень работ и услуг, по которым организация и проведение
государственных закупок осуществляется единым организатором

№ п/п

Наименование

1.

Работы:

1

строительство новых либо реконструкция имеющихся объектов в рамках бюджетных программ развития.

2

разработка проектно-сметной документации либо корректировка имеющейся проектно-сметной документации на строительство и реконструкцию объектов в рамках бюджетных программ развития


Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 10/06 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 сәуірде № 4212 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 25/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 21.06.2019 № 25/01 (ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 бабтарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына және 8 бабы 1) тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының қаржы министірінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 28 тармағының 3) тармақшасына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 28 желтоқсандағы № 12590 тіркелген), бюджеттік қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау, сонымен қатар мемлекеттiк сатып алу процесiнiң айқындылығын жоғарылату мақсатында Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып анықталсын.

      2. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемелекеттік мекемесі бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияның төрағасы ретінде Абай ауданының әкімі айқындалсын.

      3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын, жұмыстар осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Абай ауданының әкімінің
міндетін атқарушы
М. Мағзин

  Абай ауданы әкімдігінің
20___ жылғы "___" ________
№_______ қаулысына
қосымша

Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін жұмыстар мен қызметтердің тізбесі

№-і

Атауы

1.

Жұмыстар:

1

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа нысандар салу, немесе салынғанын нысандарды реконструкциялау.

2

Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде нысан салуға және реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама жасау, не бар болған жобалық-сметалық құжаттаманы түзету.