О внесении изменения в постановление акимата района от 6 марта 2017 года № 10/03 "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"

Постановление акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 19 июня 2017 года № 24/07. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 13 июля 2017 года № 4304

      В соответствии со статьями 18 и 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата района от 6 марта 2017 года № 10/03 "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4195, опубликовано в районной газете "Бұқар жырау жаршысы" № 13 (1203) от 08 апреля 2017 года, в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде от 12 апреля 2017 года) следующее изменение:

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции.

      2. Контроль за исполнением постановления возложить на заместителя акима района Нурмуханбетова Руслана Есенбековича.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района Н. Кобжанов

      Согласовано

      секретарь Бухар-Жырауского
районного маслихата
_________________ Әли А.С.

      "19" июнь 2017 год

  Приложение
к постановлению акимата
Бухар-Жырауского района
от 19 июня 2017 года № 24/07
  Приложение
к постановлению акимата
Бухар-Жырауского района
от 6 марта 2017 года № 10/03

Перечень
должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

      1. Должности специалистов здравоохранения:

      1) руководитель и заместитель (в том числе первый) руководителя государственного учреждения и казенного предприятия, руководитель отделения, лаборатории, заведующий аптекой;

      2) специалисты (главные, старшие), в том числе: врачи всех специальностей, акушер, зубной техник, медицинская сестра, медицинский лаборант, провизор, психолог, рентгенолаборант, социальный работник по уходу, фармацевт, фельдшер, фельдшер-лаборант, оптик-офтальмолог, оптикометрист, помощник медицинской сестры, лаборант (в том числе лаборант – бактериолог, лаборант – паразитолог, лаборант санитарно – гигиенической лаборатории).

      2. Должности специалистов социального обеспечения:

      1) руководители подразделений, в том числе: заведующий отделом;

      2) специалисты (главные, старшие), в том числе: консультант по социальной работе, специалист по социальной работе, социальный работник по уходу.

      3. Должности специалистов образования:

      1) руководитель, заместитель руководителя (в том числе: директор школы, дошкольного государственного учреждения, завучи по учебной и воспитательной работе), заведующий методическим кабинетом;

      2) специалисты (главные, старшие), в том числе: учителя всех специальностей (в том числе: учитель дефектолог, логопед, учитель начальной военной подготовки, педагог дополнительного образования, социальный педагог), бухгалтер, экономист, методист, психолог, медицинская сестра, старший вожатый, вожатый, воспитатель, музыкальный работник, руководитель кружка художественной студии, лаборант, помощник воспитателя, инженер-программист, библиотекарь, мастер производственного обучения, музыкальный руководитель, инструктор (в том числе по работе с детьми, по труду и производственному обучению).

      4. Должности специалистов культуры:

      1) руководитель и заместитель руководителя казенного предприятия культуры, директор музея, директор районной библиотеки, заведующая библиотекой, сектором комплектования и обработки, сектором обслуживания, информационно-библиографическим сектором, отделом развития, мемориальным комплексом;

      2) специалисты (главные, старшие), в том числе: методист (в том числе отдела развития библиотек), художники всех наименований, художественный руководитель, библиотекарь, старший библиограф, экскурсовод, редактор, режиссер, музейный смотритель, оператор-постановщик, оператор звукозаписи и световой киноаппаратуры, звукорежиссер, хореограф, руководитель кружка, солист, музыкальный руководитель, дирижер (в том числе руководитель оркестра), концертмейстер, инструктор, заведующий клубом, инспектор, культорганизатор, аккомпаниатор, балетмейстер, бухгалтер, экономист, хормейстер, хранитель ценностей фондов, экспонатов.

      5. Должности специалистов спорта:

       1) руководитель и заместитель руководителя государственного учреждения и казенного предприятия, в том числе: директор детско-юношеской спортивной школы;

      2) тренера всех специальностей, медицинская сестра, бухгалтер, экономист, методист.

      6. Должности специалистов ветеринарии:

      1) руководители подразделений, в том числе: директор и заместитель государственного предприятия;

      2) специалисты (главные, старшие), в том числе: ветеринарные врачи в том числе: (врач-терапевт, врач-эпизоотолог, врач мобильной группы, врач-паразитолог, врач-гинеколог), ветеринарный фельдшер мобильной группы, главный ветеринарный врач, ветеринарный фельдшер (в том числе в сельских округах).

Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 10/03 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 24/07 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 шілдеде № 4304 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 және 139 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 10/03 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4195 болып тіркелген, 2017 жылғы 08 сәуірдегі № 13 (1203) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылы 12 сәуірде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Руслан Есенбекович Нурмуханбетовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Кобжанов

      Келісілді

      Бұқар жырау аудандық
мәслихат хатшысы
______________________ А.С. Әли

      "19" маусым 2017 жыл

  Бұқар жырау аудан әкімдігінің
2017 жылғы 19 маусымдағы
№ 24/07 қаулысына
қосымша
  Бұқар жырау аудан әкімдігінің
2017 жылғы 6 наурыздағы
№ 10/03 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының (оның ішінде бірінші) орынбасары, бөлім, зертхана басшысы, дәріхана меңгерушісі;

      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандық дәрігерлері, акушер, тіс технигі, медбике, медициналық зертханашы, провизор, психолог, рентген зертханашысы, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер, фармацевт, фельдшер, фельдшер-зертханашы, оптик-офтальмолог, оптикометрист, медбике көмекшісі, зертханашы (оның ішінде зертханашы – бактериолог, лаборант – паразитолог, санитарлық – гигиеналық зертхананың зертханашысы).

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      1) бөлімше жетекшілері, оның ішінде: бөлім меңгерушісі;

      2) мамандары (бас, аға), оның ішінде: әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер.

      3. Білім беру мамандарының лауазымдары:

      1) басшы, басшының орынбасары (оның ішінде мектеп, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің директоры, оқу ісінің және тәрбие ісінің меңгерушілері), әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;

      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандық мұғалімдері (оның ішінде: дефектолог мұғалім, логопед, бастапқы әскери дайындық мұғалімі, қосымша білім беру педагогы, әлеуметтік педагог), бухгалтер, экономист, әдіскер, психолог, медбике, аға вожатый, вожатый, тәрбиеші, музыка маманы, шығармашылық студия үйірмесінің басшысы, зертханашы, тәрбиешінің көмекшісі, инженер-программист, кітапханашы, өндірістік оқыту шебері, музыка жетекшісі, нұсқаушы (оның ішінде балалармен жұмыс, еңбек және өндірістік оқыту бойынша).

      4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) мәдениет қазыналық мекемесінің басшысы және басшының орынбасары, мұражай директоры, аудандық кітапхана директоры, кітапхана, жинақтау және өңдеу бөлімінің, қызмет көрсету бөлімінің, ақпаратты библиографиялық бөлімінің, даму бөлімінің, мемориалдық кешенмен меңгерушісі;

      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: әдіскер (оның ішінде кітапханаларды дамыту бөлімінің), барлық атаулы суретшілер, шығармашылық жетекші, кітапханашы, аға библиограф, экскурсия жетекшісі, редактор, режиссер, мұражай қараушысы, қоюшы-оператор, желілік киноаппаратура және дыбыс жазу операторы, дыбыс режиссері, хореограф, үйірме жетекшісі, солист, музыкалық жетекші, дирижер (оның ішінде оркестр жетекшісі), концертмейстер, инструктор, клуб меңгерушісі, инспектор, мәдени ұйымдастырушы, аккомпаниатор, балетмейстер, бухгалтер, экономист, хормейстер, қорлардың, экспонаттардың құндылығын сақтаушы.

      5. Спорт мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары, оның ішінде: балалар – жасөспірімдердің спорт мектебінің директоры;

      2) барлық мамандық жаттықтырушылары, медбике, бухгалтер, экономист, методист.

      6. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

      1) бөлімше жетекшілері, оның ішінде: мемлекеттік кәсіпорынның директоры және орынбасары;

      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: мал дәрігерлері (оның ішінде: дәрігер-терапевт, дәрігер-эпизоотолог, мобильдік топтың дәрігері, дәрігер-паразитолог, дәрігер-гинеколог), мобильді топтың ветеринарлық фельдшері, бас мал дәрігері, ветеринарлық фельдшер (оның ішінде ауылдық округтерде).