Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Улытауского района

Решение XIII сессии Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 12 июля 2017 года № 108. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 11 августа 2017 года № 4337.

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Улытауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о награждении Почетной грамотой Улытауского района.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии З. Казанбаева
      Секретарь
районного маслихата
Т. Сейтжанов

  Утверждено
решением Улытауского
районного маслихата
от 12 июля 2017 года № 108

Положение
о награждении Почетной грамотой Улытауского района

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой Улытауского района (далее – Почетная грамота) разработано в соответствии Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      2. Почетная грамота является одной из форм поощрения и стимулирования за:

      1) значительные достижения в экономике, социальной сфере, науке, культуре, образовании, спорте, в воинской и государственной службе, правоохранительной и общественной деятельности;

      2) осуществление плодотворной деятельности по укреплению дружбы и солидарности между народами и культурных связей.

      3. Почетной грамотой награждаются внесшие значительный вклад в развитие Улытауского района:

      1) граждане, работники учреждений, предприятий и организаций;

      2) коллективы хозяйствующих субъектов независимо от форм собственности, организаций, учреждений, творческих коллективов, достигшие высоких показателей в труде, общественно-политической деятельности;

      3) лица без гражданства и граждане иностранных государств.

      4. Почетной грамотой не могут быть награждены:

      1) лица, имеющие судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством порядке на момент награждения;

      2) лица, признанные судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными;

      3) лица, признанные судом виновными в совершении коррупционного преступления и (или) коррупционного правонарушения.

      5. Одно и то же лицо (коллектив, организация) не может дважды представляться к награждению Почетной грамотой района в течение пяти лет.

      6. Награждение приурочивается к национальным, государственным, профессиональным и иным праздникам Республики Казахстан.

2. Порядок награждения Почетной грамотой

      7. Представление к награждению Почетной грамотой направляется в аппарат акима района не позднее чем за двадцать календарных дней до дня проведения мероприятий учреждениями, организациями независимо от форм собственности, предприятиями, местными исполнительными и представительными органами, общественными организациями, творческими объединениями, органами местного самоуправления.

      В представлении указываются фамилия, имя, отчество, занимаемая должность или официальное наименование (организаций, коллектива), дается характеристика с изложением конкретных трудовых и творческих заслуг, вклада в развитие района. Представление подписывается первым руководителем и скрепляется печатью при наличии.

      К представлению прилагается копия удостоверения личности кандидата либо учредительные документы организации, учреждения или творческого коллектива.

      Сноска. Пункт 7 – в редакции решения Улытауского районного маслихата области Ұлытау от 13.11.2023 № 66 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Материалы, поступившие от граждан, самостоятельно представляющих свою кандидатуру для награждения Почетной грамотой, не рассматриваются.

      9. Поступившие документы для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению направляются в соответствующую комиссию при акиме района (далее – Комиссия).

      10. Решение о награждении Почетной грамотой принимается акимом района и председателем районного маслихата (или лицами, исполняющими их обязанности) согласно положительному заключению Комиссии путем издания совместного распоряжения.

      Сноска. Пункт 10 – в редакции решения Улытауского районного маслихата области Ұлытау от 13.11.2023 № 66 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Вручение Почетной грамоты производится лично награждаемому в торжественной обстановке. Почетную грамоту вручает аким и (или) председатель районного маслихата, либо иное лицо по их поручению.

      Сноска. Пункт 11 – в редакции решения Улытауского районного маслихата области Ұлытау от 13.11.2023 № 66 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Материалы по награждению хранятся в аппарате акима района.

3. Описание Почетной грамоты

      13. Почетная грамота состоит из папки и вкладыша. Папка изготавливается из синего цвета. На лицевой стороне папки изображен Государственный Герб Республики Казахстан размером 7х7 и надпись "Құрмет грамотасы".

      Почетная грамота изготавливается форматом А3, 1 биг, бумага мелованная, матовая 250 грамм, печать цветная, золото с двух сторон с изображением государственной символики – Государственного Герба Республики Казахстан.

      На левой стороне внутри вкладыша располагаются: по центру – цветное изображение развивающегося Государственного Флага Республики Казахстан.

      На правой стороне внутри вкладыша располагаются: в верхней части по центру - надпись "Құрмет грамотасы", выполненная золотым тиснением, ниже под надписью текст на государственном и русском языках, который содержит слово: "награждается", фамилию, имя, отчество награждаемого, краткое описание заслуг награждаемого. Текст на государственном языке располагается над текстом на русском языке.

      В нижней части располагается текст для подписи акима района и председателя районного маслихата на государственном языке, подпись заверяется гербовыми печатями, после подписи указывается дата награждения на государственном языке.

      Фамилия, имя, отчество награждаемого указываются в соответствии с документом, удостоверяющим личность.

      Наименование организации, учреждения или творческого коллектива указывается в соответствии с учредительными документами.

      Вкладыш заполняется путем компьютерного набора, шрифтами черного цвета, без наклона с использованием принтера. В случае отсутствия данной возможности, вкладыш заполняется рукописно, четким и разборчивым почерком, без помарок чернилами черного цвета.

      Сноска. Пункт 13 – в редакции решения Улытауского районного маслихата области Ұлытау от 13.11.2023 № 66 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Ұлытау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 шілдедегі XIII сессиясының № 108 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 тамызда № 4337 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ұлытау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы З. Қазанбаева
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Т. Сейтжанов

  Ұлытау аудандық мәслихатының
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 108 шешімімен
  бекітілген

Ұлытау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлытау ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) наградтау туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Құрмет грамотасы:

      1) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, спорттағы, әсекери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері үшін;

      2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін марапаттау және ынталандырудың бір нысаны болып табылады.

      3. Құрмет грамотасымен Ұлытау ауданының дамуына қомақты үлес қосқан:

      1) азаматтар, мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қызметшілері;

      2) меншік нысанына қарамастан, еңбекте, қоғамдық-саяси қызметте жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген шаруашылық жүргізуші субъектілер ұжымдары, ұйымдар, мекемелер, шығармашылық ұжымдары;

      3) азаматтығы жоқ адамдар және шет мемлекеттердің азаматтары наградталады.

      4. Құрмет грамотасымен:

      1) наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар;

      2) сот әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

      3) сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған адамдар марапаттала алмайды.

      5. Бір тұлға (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде ауданның Құрмет грамотасымен наградталуға екі рет ұсыныла алмайды.

      6. Наградтау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне орайластырылады.

2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты аудан әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілі және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.

      Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, ауданның дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа басшы қол қояды және болған жағдайда мөрмен бекітіледі.

      Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі не ұйымның, мекеменің немесе шығармашылық ұжымның құрылтайшылық құжаттары қоса тіркеледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 13.11.2023 № 66 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Құрмет грамотасымен наградтау үшін өзінің кандидатурасын өзі ұсынған азаматтардан түскен материалдар қаралмайды.

      9. Келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін аудан әкімі жанындағы тиісті комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жолданады.

      10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың төрағасымен (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес, бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 13.11.2023 № 66 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын аудан әкімі және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы, немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 13.11.2023 № 66 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Наградтау бойынша материалдар аудан әкімінің аппаратында сақталады.

3. Құрмет грамотасының сипаттамасы

      13. Құрмет грамотасы папкадан және ішіне салынатын айқарма беттерден тұрады. Папка көк түстен дайындалады. Папканың бет жағында 7х7 көлемінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және "Құрмет грамотасы" жазуы жазылған.

      Құрмет грамотасы А3 форматында дайындалады, 1 биг, қағазы жылтыр, тегіс 250 грамм, түрлі-түсті басу, мемлекеттік символика – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бейнелеумен екі жағынан алтын түстес.

      Айқарма беттің ішкі сол жағында: ортада – желбіреген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түрлі-түсті бейнесі орналасады.

      Айқарма беттің ішкі оң жағында: жоғарғы бөлігінің ортасында – алтынмен басылған "Құрмет грамотасы" жазуы, жазудың астында наградталушының тегі, аты, әкесінің аты, наградталушының еңбектерінің қысқаша сипаттамасы, "наградталады" сөзі бар, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтін орналасады. Қазақ тіліндегі мәтін орыс тіліндегі мәтіннің үстінде орналасады.

      Төменгі бөлігінде аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.

      Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке басты куәландыратын құжатына сәйкес көрсетіледі.

      Ұйым, мекеме немесе шығармашылық ұжымның атауы құрылтайшылық құжаттарға сәйкес көрсетіледі.

      Айқарма бет компьютермен терілген көлбеусіз қара түсті шрифтермен, принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, айқарма бет қолмен, анық және түсінікті жазумен, түзетулерсіз қара түсті сиямен толтырылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 13.11.2023 № 66 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.