Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Решение Казалинского районного маслихата Кызылординской области от 22 декабря 2017 года № 152. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 9 января 2018 года № 6134. Утратило силу решением Казалинского районного маслихата Кызылординской области от 12 ноября 2018 года № 238

      Сноска. Утратило силу решением Казалинского районного маслихата Кызылординской области от 12.11.2018 № 238 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", пунктом 6 статьи 29 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Казалинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер возмещения затрат родителей или иных законных представителей на обучение на дому (далее - возмещение затрат) детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (далее - дети с ограниченными возможностями) по индивидуальному учебному плану в размере девяти месячных расчетных показателей.

      2. Возмещение затрат осуществляет коммунальное государственное учреждение "Казалинский отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния" (далее - уполномоченный орган) за счет средств районного бюджета ежеквартально в течение соответствующего учебного года и назначается с месяца обращения, месяцем обращения считается месяц подачи заявления с прилагаемыми документами родителями или иными законными представителями детей с ограниченными возможностями.

      3. Прием заявления или выдача результата оказания государственной услуги родителям детей с ограниченными возможностями и их законных представителям осуществляются согласно пункта 3 стандарта государтсвенной услуги "Возмещения затрат на обучение на дому детей – инвалидов" и предоставляют документы указанные в пункте 9 в приложении 25, приказа Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 "Об утверждении стандартов государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11342).

      4. Возмещение затрат прекращается в случаях:

      1) достижения восемнадцать лет;

      2) смерти;

      3) снятия инвалидности;

      4) в период обучения в доме интернате или санаторной школе;

      5) окончания срока заключения психолого-медико-педагогической консультации;

      6) выезда на постоянное место жительства за пределы Казалинского района детей с ограниченными возможностями.

      Возмещение затрат прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили указанные обстоятельства.

      5. Настоящее решение вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель очередной
ХІХ сессии районного маслихата
А.Орымбаев
      Секретарь районного маслихата К.Назымбеков
     
      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель государственного
учреждения "Управление координации
занятости и социальных программ
Кызылординской области"
___________________ Т.ДУЙСЕБАЕВ
"22" декабря 2017 год

Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 152 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 қаңтарда № 6134 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 238 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 12.11.2018 № 238 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңның 29-бабының 6-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі - кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу (бұдан әрі - шығындарды өтеу) мөлшері тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Шығындарды өтеу "Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы (бұдан әрі - уәкілетті орган) кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тиісті оқу жылы кезеңінде тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      3. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау немесе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11342 болып тіркелген) 25-қосымшасымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады және 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      4. Шығындарды өтеу кемтар балалар:

      1) он сегіз жасқа толғанда;

      2) қайтыс болғанда;

      3) мүгедектігін алып тастағанда;

      4) интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;

      5) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;

      6) Қазалы ауданы шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткенде тоқтатылады.

      Шығындарды өтеу көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      5. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
ХІХ сессиясының төрағасы:
А.Орымбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы: К.Назымбеков
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ Т.ДҮЙСЕБАЕВ
"22" желтоқсан 2017 жыл.