О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 марта 2015 года № 37/304 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Жанаозен"

Решение Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 23 мая 2017 года № 10/134. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 13 июня 2017 года № 3374. Утратило силу решением Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 28 марта 2024 года № 14/112.

      Сноска. Утратило силу решением Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 28.03.2024 № 14/112 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Жанаозенский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 марта 2015 года № 37/304 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Жанаозен" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2699, опубликовано в газете "Жаңаозен" от 14 мая 2015 года № 20) следующие изменения:

      в Правилах предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Жанаозен:

      в пункте 7:

      подпункт 1) изложить в новой редакции:

      "1) документ, удостоверяющий личность заявителя (представляется для идентификации личности услугополучателя);";

      подпункт 3) изложить в новой редакции:

      "3) адресную справку либо справку сельских акимов, подтверждающую регистрацию по постоянному месту жительства заявителя;".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Жанаозенского городского маслихата по вопросам образования, здравоохранения, культуры, спорта, экологии, общественной безопасности и социальной защиты (председатель комиссии Сарыев М.).

      3. Государственному учреждению "Аппарат Жанаозенского городского маслихата" (руководитель аппарата Ермуханов А.) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Калбаев.А
      Секретарь городского маслихата Мынбай С.

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Жанаозенский городской

      отдел занятости и социальных программ"

      Маркашова Б.

      "23" мая 2017 год

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304 "Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 23 мамырдағы № 10/134 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 маусымда № 3374 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 28 наурыздағы 2024 жылғы № 14/112 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 14/112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304 "Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2699 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырдағы № 20 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:

      7 тармақта:

      1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);";

      3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы М.Сарыев).

      3. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Қалбаев
      Қалалық мәслихат хатшысы С.Мыңбай

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.Маркашова

      "23" мамыр 2017 жыл