О внесении изменении в решение Бейнеуского районного маслихата от 10 апреля 2012 года №4/23 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"

Решение Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 27 марта 2017 года № 11/95. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 14 апреля 2017 года № 3333. Утратило силу решением Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 23 ноября 2018 года № 27/226

      Сноска. Утратило силу решением Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 23.11.2018 № 27/226 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года №76 "О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года №2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" и от 26 июня 2012 года №856 "Об утверждении Правил постановки на учет граждан Республики Казахстан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" и на основании представления департамента юстиции Мангистауской области от 10 марта 2017 года №10-15-1529, Бейнеуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бейнеуского районного маслихата от 10 апреля 2012 года №4/23 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №11-3-134, опубликовано в газете "Рауан 17 мая 2012 года) следующие изменения:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Государственному учреждению "Бейнеуский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния" (Б. Омирбеков) в соответствии с Правилами обеспечить оказание жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).";

      в Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), утвержденный указанным решением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Бейнеуский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния" (далее – Уполномоченный орган).";

      в пункте 12:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) документ, удостоверяющий личность заявителя (представляется для идентификации личности услугополучателя);";

      подпункт 3) изложить в следуюшей редакции:

      "3) адресную справку либо справку сельских акимов, подтверждающую регистрацию по постоянному месту жительства заявителя;".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Бейнеуского районного маслихата" (Б.Түйешиев) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением данного решения возложить на комиссию по социальным вопросам, по вопросам законности и правового порядка Бейнеуского районного маслихата (Р.Тайшыбаев).

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Б.Колдасбаев
      Секретарь районного маслихата А.Улукбанов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Бейнеуский районный

      отдел занятости, социальных программ и

      регистрации актов гражданского состояния"

      Б.Омирбеков

      "27" марта 2017 года

      Исполняющий обязанности руководителя

      государственного учреждения "Бейнеуский

      районный отдел экономики и финансов"

      Е.Кадиров

      "27" марта 2017 года

Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 11/95 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 сәуірде № 3333 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 27/226 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23.11.2018 № 27/226 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы №76 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2017 жылғы 10 наурыздағы №10-15-1529 ұсынысының негізінде Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-3-134 болып тіркелген, "Рауан" газетінде 2012 жылғы 17 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Өмірбеков) аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетуді Қағидаға сәйкес қамтамасыз етсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:

      3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.";

      12 тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;".

      2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б.Түйешиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркеуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиясына (Р.Тайшыбаев) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.Қолдасбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Ұлұқбанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту,

      әлеуметтік бағдарламалар және

      азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.Өмірбеков

      "27" наурыз 2017 жыл

      "Бейнеу аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      Е.Қадіров

      "27" наурыз 2017 жыл