О внесении изменений в некоторые решения акима села Мангистау

Решение акима села Мангистау Мунайлинского района Мангистауской области от 3 февраля 2017 года № 37. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 6 марта 2017 года № 3285

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с законами Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", от 21 января 2013 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам ономастики", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и с учетом мнения населения соответствующей территории, аким села Мангистау РЕШИЛ:
      1. Внести в некоторые решения акима села Мангистау следующие изменения:
      1) в решение акима села Мангистау от 16 июня 2008 года №226 "Подведомственных частей составных переименовании, об административно-территориальном устройстве села Мангистау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №11-7-11, опубликовано в газете "Мұнайлы" от 18 июля 2008 года №28):
      в заголовке и в пункты 1,2,3,4,5 указанного решения на государственном языке внесены изменения;
      2) в решение акима села Мангистау от 31 октбяря 2011 года №170 "О присвоении наименования улиц" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11-7-102, опубликовано в газете "Мұнайлы" 11 ноября 2011 года №64):
      в пункте 1 указанного решения на государственном языке внесены изменения.
      2. Заместителью акима села Мангистау (Касымов Б.) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Утемуратов К.

Маңғыстау ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 2017 жылғы 3 ақпандағы № 37 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 наурызда № 3285 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Маңғыстау ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Маңғыстау ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Маңғыстау ауылы әкімінің 2008 жылғы 16 маусымдағы №226 "Маңғыстау селосының әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктерінің атауларын өзгерту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-11 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 шілдедегі №28 "Мұнайлы" газетінде жарияланған):
      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Маңғыстау ауылының әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктерінің атауларын өзгерту туралы";
      көрсетілген шешімнің 1,2,3,4,5 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Маңғыстау ауылындағы ескі көпірге баратын жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 35 гектар (201 учаскеден тұратын) Маңғыстау-1 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-1 тұрғын үй массиві деп аталсын.
       2. Маңғыстау ауылындағы ескі көпірге баратын жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 35 гектар (207 учаскеден тұратын) Маңғыстау-2 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-2 тұрғын үй массиві деп аталсын.
      3. Маңғыстау ауылы мен Ақтау қаласы аралығындағы тас жолының оң жағында орналасқан жалпы ауданы 84 гектар Маңғыстау-3 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-3 тұрғын үй массиві деп аталсын.
       4. Маңғыстау ауылы мен Ақтау қаласы аралығындағы тас жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 164 гектар Маңғыстау-4 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-4 тұрғын үй массиві деп аталсын.
       5. Маңғыстау ауылының солтүстік жағында орналасқан жалпы ауданы 250 гектар Маңғыстау-5 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-5 тұрғын үй массиві деп аталсын";
      2) Маңғыстау ауылы әкімінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 170 "Көше атауын беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-102 тіркелген, 2011 жылғы 11 қарашадағы №64 "Мұнайлы" газетінде жарияланған):
      көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Маңғыстау ауылындағы теміржол өткелінен бастап қоғамдық ұйымдар ғимаратына дейінгі көшеге (жалғанған қосымша сызбаға сәйкес) Әбіш қожа аты берілсін".
      2. Маңғыстау ауылы әкімінің орынбасары (Б. Касымов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Қ. Өтемұратов