О внесении изменений в постановление акимата от 7 апреля 2008 года № 203 "Об установлении водоохранной зоны и полосы реки Тобол на участке под строительство спортивно-оздоровительного комплекса туристских услуг на территории Мичуринского сельского округа Костанайского района и режима их хозяйственного использования"

Постановление акимата Костанайской области от 4 июля 2017 года № 331. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 8 августа 2017 года № 7157. Утратило силу постановлением акимата Костанайской области от 3 августа 2022 года № 344

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Костанайской области от 03.08.2022 № 344 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 39 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, в целях приведения в соответствие с действующим законодательством акимат Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Костанайской области от 7 апреля 2008 года № 203 "Об установлении водоохраной зоны и полосы реки Тобол на участке под строительство спортивно-оздоровительного комплекса туристских услуг на территории Мичуринского сельского округа Костанайского района и режима их хозяйственного использования" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3635, опубликовано 14 мая 2008 года в газете "Қостанай таңы") следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об установлении водоохранной зоны и полосы реки Тобол на участке под строительство спортивно-оздоровительного комплекса туристских услуг на территории Мичуринского сельского округа Костанайского района, режима и особых условий их хозяйственного использования";

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии со статьями 39, 116, 125 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      абзац первый пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Установить водоохранную зону и полосу реки Тобол на участке под строительство спортивно-оздоровительного комплекса туристских услуг на территории Мичуринского сельского округа Костанайского района.";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Установить режим и особые условия хозяйственного использования водоохранной зоны и полосы реки Тобол на участке под строительство спортивно-оздоровительного комплекса туристских услуг на территории Мичуринского сельского округа Костанайского района.";

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Костанайской области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
Костанайской области
А. Мухамбетов

      СОГЛАСОВАНО

      Руководитель республиканского

      государственного учреждения

      "Тобол-Торгайская бассейновая

      инспекция по регулированию

      использования и охране водных

      ресурсов Комитета по водным

      ресурсам Министерства сельского

      хозяйства Республики Казахстан"

      ________________ Г. Оспанбекова

      СОГЛАСОВАНО

      Руководитель республиканского

      государственного учреждения

      "Департамент охраны общественного

      здоровья Костанайской области

      Комитета охраны общественного

      здоровья Министерства

      здравоохранения Республики Казахстан"

      ____________________ О. Бекмагамбетов

  Приложение
к постановлению акимата
от 4 июля 2017 года № 331
  Приложение
к постановлению акимата
от 7 апреля 2008 года № 203

Режим и особые условия хозяйственного использования водоохранной зоны и полосы реки Тобол на участке под строительство спортивно-оздоровительного комплекса туристских услуг на территории Мичуринского сельского округа Костанайского района

      1. В пределах водоохранной полосы не допускается:

      1) хозяйственная и иная деятельность, ухудшающая качественное и гидрологическое состояние (загрязнение, засорение, истощение) водных объектов;

      2) строительство и эксплуатация зданий и сооружений, за исключением водохозяйственных и водозаборных сооружений и их коммуникаций, мостов, мостовых сооружений, причалов, портов, пирсов и иных объектов транспортной инфраструктуры, связанных с деятельностью водного транспорта, объектов по использованию возобновляемых источников энергии (гидродинамической энергии воды), а также рекреационных зон на водном объекте;

      3) предоставление земельных участков под садоводство и дачное строительство;

      4) эксплуатация существующих объектов, не обеспеченных сооружениями и устройствами, предотвращающими загрязнение водных объектов и их водоохранных зон и полос;

      5) проведение работ, нарушающих почвенный и травяной покров (в том числе распашка земель, выпас скота, добыча полезных ископаемых), за исключением обработки земель для залужения отдельных участков, посева и посадки леса;

      6) устройство палаточных городков, постоянных стоянок для транспортных средств, летних лагерей для скота;

      7) применение всех видов удобрений.

      2. В пределах водоохранной зоны не допускается:

      1) ввод в эксплуатацию новых и реконструированных объектов, не обеспеченных сооружениями и устройствами, предотвращающими загрязнение и засорение водных объектов и их водоохранных зон и полос;

      2) проведение реконструкции зданий, сооружений, коммуникаций и других объектов, а также производство строительных, дноуглубительных и взрывных работ, добыча полезных ископаемых, прокладка кабелей, трубопроводов и других коммуникаций, буровых, земельных и иных работ без проектов, согласованных в установленном порядке с местными исполнительными органами, уполномоченным органом, уполномоченным государственным органом в области охраны окружающей среды, центральным уполномоченным органом по управлению земельными ресурсами, уполномоченными органами в области энергоснабжения и санитарно-эпидемиологического благополучия населения и другими заинтересованными органами;

      3) размещение и строительство складов для хранения удобрений, пестицидов, ядохимикатов и нефтепродуктов, пунктов технического обслуживания, мойки транспортных средств и сельскохозяйственной техники, механических мастерских, устройство свалок бытовых и промышленных отходов, площадок для заправки аппаратуры пестицидами и ядохимикатами, взлетно-посадочных полос для проведения авиационно-химических работ, а также размещение других объектов, отрицательно влияющих на качество воды;

      4) размещение животноводческих ферм и комплексов, накопителей сточных вод, полей орошения сточными водами, кладбищ, скотомогильников (биотермических ям), а также других объектов, обусловливающих опасность микробного загрязнения поверхностных и подземных вод;

      5) выпас скота с превышением нормы нагрузки, купание и санитарная обработка скота и другие виды хозяйственной деятельности, ухудшающие режим водоемов;

      6) применение способа авиаобработки ядохимикатами и авиаподкормки минеральными удобрениями сельскохозяйственных культур и лесонасаждений на расстоянии менее двух тысяч метров от уреза воды в водном источнике;

      7) применение пестицидов, на которые не установлены предельно допустимые концентрации, внесение удобрений по снежному покрову, а также использование в качестве удобрений необезвреженных навозосодержащих сточных вод и стойких хлорорганических ядохимикатов.

      При необходимости проведения вынужденной санитарной обработки в водоохранной зоне допускается применение мало- и среднетоксичных нестойких пестицидов.

Әкімдіктің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 203 "Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағындағы туристік қызметтердің спорттық-сауықтыру кешені құрылысына арналған телімде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану тәртібін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 331 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 тамызда № 7157 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2022 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 203 "Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағындағы туристік қызметтердің спорттық-сауықтыру кешені құрылысына арналған телімде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану тәртібін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3635 болып тіркелген, 2008 жылғы 14 мамырда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағындағы туристік қызметтердің спорттық-сауықтыру кешені құрылысына арналған учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағындағы туристік қызметтердің спорттық-сауықтыру кешені құрылысына арналған учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағындағы туристік қызметтердің спорттық-сауықтыру кешені құрылысына арналған учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
облысының әкімі
А. Мұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі Су

      ресурстары комитетінің Су

      ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі

      Тобыл-Торғай бассейндік

      инспекциясы" республикалық

      мемлекеттiк мекемесінің басшысы

      ________________ Г. Оспанбекова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Қоғамдық денсаулықты қорғау

      комитетінің Қостанай облысының

      қоғамдық денсаулықты қорғау

      департаменті" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ О. Бекмағамбетов

  Әкімдіктің
2017 жылғы 4 шілдедегі
№ 331 қаулысына қосымша
  Әкімдіктің
2008 жылғы 7 сәуірдегі
№ 203 қаулысына қосымша

Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағындағы туристік қызметтердің спорттық-сауықтыру кешені құрылысына арналған учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары

      1. Су қорғау белдеуінің шегінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

      2. Су қорғау аймағының шегінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.