О внесении изменения в решение маслихата от 12 сентября 2014 года № 319 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества поселка Качар города Рудного Костанайской области"

Решение маслихата города Рудного Костанайской области от 25 июля 2017 года № 146. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 29 августа 2017 года № 7181. Утратило силу решением маслихата города Рудного Костанайской области от 17 июня 2022 года № 132

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Рудного Костанайской области от 17.06.2022 № 132 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата от 12 сентября 2014 года № 319 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества поселка Качар города Рудного Костанайской области" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под номером 5124, опубликованное 10 ноября 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      в Правилах проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Качар города Рудного Костанайской области, утвержденных указанным решением:

      пункт 8 изложить в новой редакции:

      "8. Кандидатуры представителей жителей поселка Качар для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом утвержденным Рудненским городским маслихатом.

      Количество представителей жителей для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
      сессии городского маслихата Д. Гусак
      Секретарь городского маслихата В. Лощинин

      "СОГЛАСОВАНО"

      Исполняющий обязанности

      акима поселка Качар

      _____________ А. Куйшинов

      25 июля 2017 год

Мәслихаттың 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 319 "Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2017 жылғы 25 шілдедегі № 146 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 тамызда № 7181 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 маусымдағы № 132 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 17.06.2022 № 132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 319 "Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5124 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 10 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында:

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қашар кентінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Рудный қалалық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрағасы Д. Гусак
      Қалалық мәслихат хатшысы В. Лощинин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қашар кенті әкімінің

      міндетін атқарушы

      _______________ А. Қойшынов

      2017 жылғы 25 шілде