О внесении изменений в решение маслихата от 12 августа 2016 года № 45 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 29 марта 2017 года № 80. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 17 апреля 2017 года № 7001. Утратило силу решением маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 28 октября 2020 года № 327

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 28.10.2020 № 327 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Джангельдинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата от 12 августа 2016 года № 45 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6609, опубликовано 13 сентября 2016 года в газете "Біздің Торғай") следующее изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      подпункт 10) пункта 2 изложить в новой редакции:

      "10) центр занятости населения - коммунальное государственное учреждение, создаваемое местным исполнительным органом района в целях реализации активных мер содействия занятости, организации социальной защиты от безработицы и иных мер содействия занятости в соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения";";

      подпункт 9) пункта 7 изложить в новой редакции:

      "9) лицам, впервые приобретающим техническое, профессиональное, послесреднее или высшее образование (далее - образование), для оплаты обучения по фактической стоимости, связанной с получением образования в учебных заведениях Республики Казахстан, перечисляемой двумя частями в течение учебного года в размере не более 400 месячных расчетных показателей, за исключением лиц, являющихся обладателями образовательных грантов, получателями иных видов выплат из государственного бюджета, из числа:

      молодежи из семей со среднедушевым доходом за последние двенадцать месяцев перед обращением ниже величины прожиточного минимума, установленного по Костанайской области (далее - прожиточный минимум), а также без учета доходов, молодежи, относящейся к социально уязвимым слоям населения, продолжающей обучение за счет средств местного бюджета;

      инвалидов всех категорий, имеющих рекомендацию в индивидуальной программе реабилитации инвалида, без учета доходов.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Е. Алматов
      Секретарь Джангельдинского
      районного маслихата С. Нургазин

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Отдел занятости и

      социальных программ Джангельдинского

      района"

      _____________________ Л. Зейнекина

      29 марта 2017 года

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Отдел экономики и

      бюджетного планирования

      Джангельдинского района"

      _____________________ Е. Биржикенов

      29 марта 2017 года

Мәслихаттың 2016 жылғы 12 тамыздағы № 45 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы № 80 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 сәуірде № 7001 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 327 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 28.10.2020 № 327 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2016 жылғы 12 тамыздағы № 45 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6609 тіркелген, 2016 жылғы 13 қыркүйекте "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын коммуналдық мемлекеттік мекеме;";

      7-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасы оқу орындарында білім алумен байланысты, нақты құны бойынша оқуға ақы төлеу үшін, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім (бұдан әрі - білім), алған тұлғалар санынан, оқу жылы ағымында екі бөлікпен аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдердің түрлерін алушыларды, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды есептемегенде:

      өтiнiш жасаудың алдындағы соңғы он екi айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен (бұдан әрi - ең төменгi күнкөрiс деңгейi) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;

      табыстарын есепке алмай, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, барлық санаттағы мүгедектерге.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Алматов
      Жангелдин аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Нургазин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жангелдин ауданының жұмыспен

      қамту және әлеуметтік бағдарламалар

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________________ Л. Зейнекина

      2017 жылғы 29 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жангелдин ауданының экономика

      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________________ Е. Биржикенов

      2017 жылғы 29 наурыз