О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 27 января 2016 года № 15/1 "Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором"

Постановление акимата Павлодарской области от 9 января 2017 года № 1/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 6 февраля 2017 года № 5360. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 9 августа 2019 года № 242/2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 09.08.2019 № 242/2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1-13) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 2) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках", в целях эффективного использования бюджетных средств и повышения качества проведения государственных закупок акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Павлодарской области от 27 января 2016 года № 15/1 "Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4919, опубликовано 12 февраля 2016 года в газете "Регион.kz") следующее изменение:

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление финансов Павлодарской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления в территориальном органе юстиции направление на официальное опубликование в средствах массовой информации и информационно-правовой системе "Әділет";

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Павлодарской области.

      3. Государственному учреждению "Управление финансов Павлодарской области" принять иные необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Арынову А. А.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области Б. Бакауов

  Приложение
к постановлению акимата
Павлодарской области
от "9" января 2017 года № 1/1

Бюджетные программы и товары, работы, услуги, по которым организация
и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором
по Павлодарской области

№ п/п

Наименование

1

Государственные закупки товаров, работ, услуг способами конкурса (аукциона) в рамках бюджетных программ развития, предусматривающих реализацию бюджетных инвестиционных проектов, областным местным исполнительным органом

2

Государственные закупки товаров, работ, услуг способами конкурса (аукциона), если сумма лота (пункта плана), выделенная на закуп превышает стотысячекратный месячный расчетный показатель


Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 15/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 1/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 ақпанда № 5360 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 242/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 09.08.2019 № 242/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану және мемлекеттік сатып алуды жүргізудің сапасын арттыру мақсатында Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 15/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4919 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 ақпанда "Регион.kz" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. А. Арыноваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы "9" қаңтардағы
№ 1/1 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сатып
алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын
бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

Р/с №

Атауы

1

Облыстық жергілікті атқарушы органның бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2

Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар