О признании утратившим силу постановления акимата Актогайского района от 9 ноября 2016 года № 275 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации в организациях Актогайского района на 2017 год"

Постановление акимата Актогайского района Павлодарской области от 5 июня 2017 года № 133. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 14 июня 2017 года № 5527

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат Актогайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата Актогайского района от 9 ноября 2016 года № 275 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации в организациях Актогайского района на 2017 год" (зарегистрировано в Реестре нормативных правовых актах за № 5268, опубликованное 26 ноября 2016 года в районных газетах "Ауыл тынысы" и "Пульс села" № 48).

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района А. Амирин

Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 қарашадағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Ақтоғай ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 275 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 133 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 маусымда № 5527 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 275 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Ақтоғай ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5268 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қарашадағы аудандық № 48 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Әмірин