О внесении изменений в решение XXV-й сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 15 апреля 2014 года № 210 "Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также кратности оказания социальной помощи"

Решение ХХIV сессии маслихата города Алматы VI созыва от 30 ноября 2017 года № 177. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 12 декабря 2017 года № 1433. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 17 апреля 2018 года № 224

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 17.04.2018 № 224 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", маслихат города Алматы VI-го созыва РЕШИЛ:

      1. Внести в решение внеочередной XXV-й сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 15 апреля 2014 года № 210 "Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также кратности оказания социальной помощи" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1038, опубликованное 15 мая 2014 года в газетах "Алматы ақшамы" и "Вечерний Алматы") следующие изменения:

      в приложении к указанному решению:

      в перечне памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также кратности и размера социальной помощи:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:


2.

День Независимости Республики Казахстан

Едино-временно

Лицам, принимавшим участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, реабилитированным в порядке, установленном Законом Республики Казахстан от 14 апреля 1993 года "О реабилитации жертв массовых политических репрессий"

50,0
тысяч



      2. Аппарату маслихата города Алматы в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, последующее официальное опубликование в периодических печатных изданиях, в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на официальном интернет-ресурсе.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии по вопросам труда, занятости и развитию транспорта маслихата города Алматы Бадаеву Р.К.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель
XXIV-й сессии маслихата
города Алматы VІ-го созыва
М. Азирбаев
      Cекретарь
маслихата города Алматы
VІ-го созыва
К. Казанбаев

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясының "Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігін белгілеу туралы" 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 210 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХIV сессиясының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 177 шешiмi. Алматы қаласы әдiлет департаментінде 2017 жылғы 12 желтоқсанда № 1433 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 224 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 17.04.2018 № 224 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXV сессиясының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 210 "Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігін белгілеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1038 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасындағы:

      әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігі мен мөлшерінде:

      2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:


2.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Бір жолғы

Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар

550,0
мың



      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Р.К. Бадаеваға жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған
Алматы қаласы мәслихатының
XXIV сессиясының төрағасы
М. Әзірбаев
      VI сайланған
Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев