О предоставлении в 2018 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования,социального обеспечения, культуры,спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аккайынского района

Решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 22 декабря 2017 года № 16-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 9 января 2018 года № 4482

      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", пунктом 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", маслихат Аккайынского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. В 2018 году предоставить специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аккайынского района с учетом заявленной потребности:

      1) подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю на момент подачи заявления;

      2) социальную поддержку для приобретения или строительства жилья в виде бюджетного кредита в сумме заявленной специалистом, не превышающей одна тысяча пятисоткратный размер месячного расчетного показателя на момент подачи заявления.

      2. Действие подпунктов 1), 2) пункта 1 настоящего решения распространяется на ветеринарных специалистов ветеринарных пунктов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии.

      3. Данное решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель ХVI сессии
маслихата Аккайынского района
Северо-Казахстанской области
Ж. Ахметова
      Секретарь маслихата
Аккайынского района
Северо-Казахстанской области
С. Муканов

2018 жылы Аққайың ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 16-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 қаңтарда № 4482 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2018 жылы өтінген қажеттілігінің есебімен Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға:

      1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш түскен кезеңнен бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын маманның өтінген сомасында бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.

      2. Осы шешімнің 1 тармағы 1), 2) тармақшаларының күші ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринарлық пунктерінің ветеринарлық мамандарына қолданылады.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
ХVI сессиясының төрағасы
Ж. Ахметова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
хатшысы
С. Мұқанов