Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Кызылжарского района Северо-Казахстанской области

Решение Кызылжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 28 ноября 2017 года № 21/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 11 декабря 2017 года № 4419. Утратил силу решением маслихата Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 17 августа 2021 года № 7/3

      Сноска. Утратил силу решением маслихата Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 17.08.2021 № 7/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года Кызылжарский районный маслихат Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Кызылжарского района Северо-Казахстанской области.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
Кызылжарского районного
маслихата
Северо-Казахстанской области,
Секретарь
Кызылжарского районного
маслихата
Северо-Казахстанской области
А. Молдахметова

  Утверждены решением Кызылжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 28 ноября 2017 года №21/1

Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Кызылжарского района Северо-Казахстанской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Кызылжарского района Северо-Казахстанской области (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 20-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – отходы).

      2. Передача отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного решения.

      3. Управление бесхозяйными отходами осуществляется акиматом Кызылжарского района Северо-Казахстанской области (далее – местный исполнительный орган).

      4. Для целей управления отходами местным исполнительным органом создается комиссия из представителей заинтересованных структурных подразделений (далее - Комиссия).

      Органом по организации работ по управлению отходами определяется коммунальное государственное учреждение "Кызылжарский районный отдел архитектуры, строительства, жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог", уполномоченный местным исполнительным органом на осуществление функций в сфере коммунального хозяйства и финансируемый из местного бюджета.

      5. Управление бесхозяйными отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.

2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

      6. Учет, хранение, оценка, дальнейшее использование отходов осуществляется в соответствии с Правилами учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833.

      7. Организация работы по безопасной утилизации и удалению невостребованных отходов осуществляется местным исполнительным органом с учетом рекомендаций Комиссии в соответствии с требованиями экологического законодательства Республики Казахстан за счет средств местного бюджета.

      8. Выбор поставщика услуг по утилизации и удалению отходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      9. Рекультивация территорий, на которых были размещены отходы, после реализации, утилизации, удаления отходов производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.

3. Заключительные положения

      10. В процессе обращения с отходами соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.

Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 21/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 желтоқсанда № 4419 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2021 жылғы 17 тамыздағы № 7/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 17.08.2021 № 7/3 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихаты
сессиясының төрайымы,
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Молдахметова

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы №21/1 шешімімен бекітілген

Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесiз қалдықтарды басқаруды Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

      4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелер өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

      "Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, коммуналды шаруашылық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру саласын іске асыратын жергілікті атқару органының уәкілі ретінде қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру органы болып анықталады.

      5. Иесiз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге атқарылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.