О внесении изменений в постановление акимата Индерсвого района Атырауской области от 14 ноября 2016 года № 245 "Об установлении квоты для трудоустройства граждан Индерского района из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации"

Постановление акимата Индерского района Атырауской области от 20 июня 2017 года № 110. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 17 июля 2017 года № 3911. Утратило силу постановлением акимата Индерского района Атырауской области от 20 марта 2024 года № 60

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Индерского района Атырауской области от 20.03.2024 № 60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии cо статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Индерского района Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Индерского района Атырауской области от 14 ноября 2016 года № 245 "Об установлении квоты для трудоустройства граждан Индерского района из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3710, опубликованное 5 января 2017 года в газете "Дендер") следующие изменения:

      1) заголовок постановления изложить в следующей редакции:

      "Об установлении квоты для трудоустройства граждан Индерского района из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования";

      2) пункт 1 постановления изложить в следующей редакции:

      "1. Установить квоту рабочих мест от списочной численности работников организации в размере одного процента для трудоустройства граждан Индерского района из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования.".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района А. Балахметова.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района С. Арыстан

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 245 "Индер ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 110 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 шілдеде № 3911 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 60 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 20.03.2024 № 60 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы Индер ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 245 "Индер ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3710 болып тіркелген, 2017 жылы 5 қаңтардағы "Дендер" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) қаулының тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Индер ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы";

      2) қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Ұйымдардың тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Индер ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Балахметовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Арыстан