О квоте рабочих мест для инвалидов

Постановление акимата города Курчатов Восточно-Казахстанской области от 15 мая 2017 года № 180. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 16 июня 2017 года № 5082. Утратило силу постановлением акимата города Курчатов Восточно-Казахстанской области от 24 декабря 2020 года № 452

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Курчатов Восточно-Казахстанской области от 24.12.2020 № 452 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 06 апреля 2016 года "О занятости населения", подпунктом 1) статьи 31 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", в целях оказания содействия занятости инвалидов, акимат города Курчатов ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для инвалидов в размере согласно приложению от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда.

      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Глазинского А. Ю.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Курчатов А. Ондаканов

  Приложение к постановлению
акимата города Курчатов
от "15" мая 2017 года № 180

Размер квоты рабочих мест для инвалидов

Организации со списочной численностью

Размер квоты (%)

от пятидесяти до ста человек

2

от ста одного до двухсот пятидесяти человек
 

3

свыше двухсот пятидесяти одного человека

4


Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 180 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 маусымда № 5082 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 452 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 24.12.2020 № 452 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары саны мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Ю. Глазинскийге жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қаласының әкімі А. Оңдақанов

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "15" мамыр
№ 180 қаулысына қосымша

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы мөлшері

Ұйымдардың тізімдік саны

Квота мөлешері ( %)

Елу адамнан жүз адамға дейін

2

Жүз бір адамнан екі жүз елу адамға дейін

3

Екі жүз елу бір адамнан жоғары

4