Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Глубоковского районного маслихата" и его описания

Решение Глубоковского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 9 февраля 2017 года № 9/3-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 10 марта 2017 года № 4897. Утратило силу решением Глубоковского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 21 мая 2020 года № 43/7-VI

      Сноска. Утратило силу решением Глубоковского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 21.05.2020 № 43/7-VI (вводится в действие с 05.06.2020).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Глубоковский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить:

      1) правила выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Глубоковского районного маслихата" согласно приложению 1 к настоящему решению;

      2) описание служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Глубоковского районного маслихата" согласно приложению 2 к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Е. Псарев
      Секретарь Глубоковского
      районного маслихата А. Баймульдинов

  Приложение 1
к решению Глубоковского
районного маслихата
от 9 февраля 2017 года № 9/3-VI

Правила выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Глубоковского районного маслихата"

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Глубоковского районного маслихата" (далее - Правила) определяют порядок выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Глубоковского районного маслихата" (далее – аппарат районного маслихата).

      2. Служебное удостоверение (далее - удостоверение) является официальным документом, подтверждающим занимаемую административным государственным служащим должность и должностные полномочия в государственном учреждении "Аппарат Глубоковского районного маслихата" (далее – аппарат маслихата).

2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      3. Служебное удостоверение выдается за подписью секретаря районного маслихата государственным служащим аппарата районного маслихата.

      4. Удостоверения выдаются при смене руководителя государственного учреждения, назначении на должность, перемещении (переназначении), порче, утере.

      5. При освобождении от занимаемой должности, увольнении, перемещении (переназначении), сотрудник в течение трех рабочих дней со дня вынесения соответствующего распоряжения сдает удостоверения по месту его получения.

      6. Учет выдачи и возврата удостоверений осуществляется в журнале выдачи и возврата удостоверений, который пронумеровывается и прошнуровывается по форме, согласно приложению к настоящим Правилам.

      7. Служебные удостоверения и журнал учета хранятся в сейфе руководителя аппарата районного маслихата.

      8. Учет выдачи и возврата, списания и уничтожения удостоверений ведется кадровой службой. Акт на списание и уничтожение удостоверений составляется в произвольной форме.

      9. В случае порчи или утраты удостоверения работник в течение трех рабочих дней в письменной произвольной форме сообщает в кадровую службу и направляет на опубликование в средства местной массовой информации сообщение о недействительности утерянного служебного удостоверения.

      10. Контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляет руководитель аппарата районного маслихата.

  Приложение
к Правилам выдачи служебного
удостоверения сотрудников
государственного учреждения
"Аппарат Глубоковского
районного маслихата"

Форма

Журнал выдачи и возврата служебных удостоверений государственного учреждения "Аппарат Глубоковского районного маслихата"

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

Занимаемая должность

№ Удостоверения

Дата выдачи

Роспись работника кому выдано

Дата сдачи

Роспись работника, кто сдал удостоверение




































  Приложение 2
к решению Глубоковского
районного маслихата
от 9 февраля 2017 года № 9/3-VI

Описание служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Глубоковского районного маслихата"

      1. Служебное удостоверение государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Глубоковского районного маслихата" изготавливается по образцу, согласно приложению к настоящему описанию служебного удостоверения.

      2. Обложка удостоверения из материала бувенил голубого цвета, на лицевой стороне обложки по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан выполненного в соответствии с государственным стандартом Республики Казахстан, золотистого цвета и надпись на государственном и русском языках: "КУӘЛІК УДОСТОВЕРЕНИЕ". В развернутом виде удостоверение имеет размер 65x190 миллиметра, вкладыш (форматом 62x88 миллиметра).

      3. Левая и правая внутренние части удостоверения выполнены в голубом цвете с изображением парящего орла под солнцем на фоне тангирной сетки установленного образца.

      4. Все надписи на внутренней левой стороне удостоверения выполняются на государственном языке. На левой внутренней стороне удостоверения размещены:

      в центре верхней части надпись: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ "ГЛУБОКОЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ" ММ, выполненная в синем цвете;

      в левом углу размещается цветная фотография (анфас) сотрудника размером 3х4 сантиметра;

      в правом углу располагаются надпись "№ ____ КУӘЛІК", выполненая красным цветом, под номером указываются фамилия, имя, отчество (при его наличии) выполненные заглавными буквами, должность, наименование структурного подразделения подстрочным текстом, черным цветом.

      В нижней части основной стороны располагаются должность, инициал имени и фамилия руководителя государственного учреждения, выполненная заглавными буквами, черным цветом.

      Внутренняя левая часть удостоверяется подписью первого руководителя и оттиском гербовой печати государственного учреждения.

      5. Все надписи на внутренней правой стороне удостоверения выполняются на русском языке. На правой внутренней стороне удостоверения размещены:

      в верхней части надпись: РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ ГУ "АППАРАТ ГЛУБОКОВСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА", выполненная в синем цвете;

      в левом углу размещается изображение государственного герба с надписью голубого цвета "ҚАЗАҚСТАН" в голубой рамке;

      в правом углу располагаются надпись "УДОСТОВЕРЕНИЕ №___", выполненая красным цветом, под номером указываются фамилия, имя, отчество (при его наличии) выполненные заглавными буквами, должность, наименование структурного подразделения подстрочным текстом, черным цветом.

      В нижней части основной стороны располагаются должность, ниициал имени и фамилия руководителя государственного учреждения, выполненная заглавными буквами, черным цветом.

      Внутренняя правая часть удостоверяется подписью первого руководителя государственного учреждения.

  Приложение
к описанию служебного
удостоверения государственных
служащих государственного
учреждения "Аппарат
Глубоковского районного
маслихата"

Образец обложки удостоверения


Образец внутренней части удостоверения



"Глубокое аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 ақпандағы № 9/3-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 наурызда № 4897 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 43/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 21.05.2020 № 43/7-VI шешімімен (05.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бекітілсін:

      1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес "Глубокое аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары;

      2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес "Глубокое аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлік сипаттамасы.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Псарев
      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов

  Глубокое аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 9 ақпандағы
№ 9/3-VI шешіміне
1 қосымша

"Глубокое аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары

1. Жалпы ереже

      1. Осы "Глубокое аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Глубокое аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – аудандық мәслихат аппараты) мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру тәртібін анықтайды.

      2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі - куәлік) "Глубокое аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – мәслихат аппараты) әкімшілік мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымын және лауазымдық өкілеттігін растайтын ресми құжат болып табылады.

2. Қызметтік куәлік беру тәртібі

      3. Қызметтік куәлік аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне аудандық мәслихат хатшысының қол қоюымен беріледі.

      4. Куәлік мемлекеттік мекеменің басшысы ауысқан, лауазымға тағайындалған, орнын ауыстырылған (қайта тағайындалған), бүлінген, жоғалған кезде беріледі.

      5. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкер тиісті өкімнің шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті алған жеріне тапсырады.

      6. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуы куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады, осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша нөмірленеді және тігіледі.

      7. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы аудандық мәслихат аппараты басшысының сейфінде сақталады.

      8. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын, жою және есептен шығаруды кадр қызметі жүргізеді. Куәліктерді есептен шығару және жою актісі жазбаша түрде жасалады.

      9. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде кадр қызметіне хабарлайды және жоғалған қызметтік куәліктің жарамсыздығы туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.

      10. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібіне бақылауды аудандық мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.

  "Глубокое аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
қызметкерлеріне қызметтік
куәлік беру қағидаларына
қосымша

Нысан

"Глубокое аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктер беру және қайтару журналы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Куәліктің №

Берген күні

Берген жұмысшының қолы

Өткізген күні

Куәлікті өткізген жұмысшының қолы












































  Глубокое аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 9 ақпандағы
№ 9/3-VI шешіміне
2 қосымша

"Глубокое аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметшілерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамасы

      1. "Глубокое аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігі осы қызметтік куәліктің сипаттамасының қосымшасына сәйкес үлгі бойынша әзірленеді.

      2. Куәліктің мұқабасы бувенил материалынан жасалған көгілдір түсті, мұқабаның бет жағының ортасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес жасалған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, алтын түстес және мемлекеттік және орыс тілінде: "КУӘЛІК УДОСТОВЕРЕНИЕ" жазуы бар. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 65х190 миллиметр, жапсырма бет (62х88 миллиметр форматты).

      3. Куәліктің сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі белгіленген үлгідегі тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған.

      4. Куәліктің ішкі сол жағындағы барлық жазулар мемлекеттік тілде жазылған. Куәліктің ішкі сол жағында орналасқан:

      жоғарғы жағының ортасындағы жазу: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ "ГЛУБОКОЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ" ММ көгілдір түсте орналастырылады;

      сол жағындағы жазудың астында қызметкердің мөлшері 3x4 сантиметр фотосуреті орналастырылады;

      оң жақ бұрышында қызыл түспен орындалған "№ ____ КУӘЛІК" деген жазу орналастырылады, нөмірдің астында жол-жолымен қара түспен, бас әріптермен мемлекеттік тілде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы, құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі.

      Негізгі жақтың төменгі бөлігінде қара түспен, бас әріптермен мемлекеттік мекеме басшысының лауазымы, аты және тегі орналасқан.

      Куәліктің ішкі сол жақ бөлігі бірінші басшының қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің табанымен куәландырылады.

      5. Куәліктің ішкі оң жағындағы барлық жазулар орыс тілінде орындалады. Куәліктің ішкі оң жағында орналастырылған:

      жоғарғы жағында жазу: РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ ГУ "АППАРАТ ГУБОКОВСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА", көгілдір түсте орналастырылады;

      сол жақ бұрышында Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бейнесі астында "ҚАЗАҚСТАН" жазуымен көгілдір түстегі рамада орналастырылады;

      оң жақ бұрышында қызыл түспен орындалған "УДОСТОВЕРЕНИЕ № _" деген жазу орналастырылады, нөмірдің астында жол-жолымен қара түспен, бас әріптермен мемлекеттік тілде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы, құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі.

      Негізгі жақтың төменгі бөлігінде қара түспен, бас әріптермен мемлекеттік мекеме басшысының лауазымы, аты және тегі орналасқан.

      Куәліктің ішкі оң жақ бөлігі мемлекеттік мекеменің бірінші басшының қолымен куәландырылады.

  "Глубокое аудандық
мәслихатының      аппараты"
мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік қызметшілерінің
қызметтік куәлігінің
сипаттамасына қосымша

Куәлік мұқабасының үлгісі

     


Куәліктің ішкі бөлігінің үлгісі