Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Катон-Карагайского района

Решение Катон-Карагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 23 ноября 2017 года № 14/124-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 8 января 2018 года № 5391. Утратило силу решением Катон-Карагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28 декабря 2021 года № 14/140-VII

      Сноска. Утратило силу решением Катон-Карагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28.12.2021 № 14/140-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Катон-Карагайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Катон-Карагайского района.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Смагулова
      Секретарь районного маслихата Д. Бралинов

  Утверждены решением
Катон-Карагайского районного
маслихата
№ 14/124-VI
от 23 ноября 2017 года

Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Катон-Карагайского района

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Катон-Карагайского района, разработаны в соответствии с Экологическим кодексом Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Катон-Карагайского района (далее – отходы).

      2. Передача отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного решения.

      3. Управление отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.

      4. Управление отходами осуществляется местным исполнительным органом района (далее - местный исполнительный орган).

      5. Для целей управления отходами местным исполнительным органом создается комиссия из представителей заинтересованных государственных органов (далее - Комиссия).

      Органом по организации работ по управлению отходами определяется исполнительный орган, финансируемый из местного бюджета уполномоченный акиматом района на осуществление функций в сфере управления коммунальным имуществом.

2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

      6. Оценка, учет, дальнейшее использование и реализация осуществляется в соответствии с Правилами учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833.

      7. Организация работы по безопасной утилизации и удалению невостребованных отходов осуществляется местным исполнительным органом с учетом рекомендаций Комиссии в соответствии с требованиями экологического законодательства Республики Казахстан за счет средств местного бюджета.

      8. Выбор поставщика услуг по утилизации и удалению отходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      9. Рекультивация территорий, на которых были размещены отходы, после реализации, утилизации, удаления отходов производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.

3. Заключительные положения

      10. В процессе обращения с отходами соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.

Сот шешімімен Катонқарағай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қарашадағы № 14/124-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қаңтарда № 5391 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 14/140-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 28.12.2021 № 14/140-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Катонқарағай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Смағұлова
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Бралинов

  Катонқарағай аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 23 қарашадағы
№ 14/124-VI шешімімен
бекітілген

Сот шешімімен Катонқарағай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот шешімімен Катонқарағай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Катонқарағай ауданының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

      4. Қалдықтарды басқаруды ауданның жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

      5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде, аудан әкімдігімен коммуналдық мүлікті басқару саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Бағалау, есепке алу, одан әрi пайдалану және өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қадықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.