Об утверждении регламентa государственной услуги "Приватизация жилищ из государственного жилищного фонда"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 13 сентября 2017 года № 231. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 4 октября 2017 года № 4909. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 28 августа 2020 года № 201

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 28.08.2020 № 201 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", в соответствии с приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года №319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" (зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 мая 2015 года №11015) акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги "Приватизация жилищ из государственного жилищного фонда".

      2. Государственному учреждению "Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Западно-Казахстанской области" (Урынгалиев Г.Г) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталоном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно - Казахстанской области Азбаева Б.О.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
акима области
Б.Азбаев

  Утвержден
постановлением акимата
Западно-Казахстанской области
от 13 сентября 2017 года № 231

Регламент государственной услуги
"Приватизация жилищ из государственного жилищного фонда"
1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Приватизация жилищ из государственного жилищного фонда" (далее – государственная услуга).

      Государственная услуга оказывается структурными подразделениями местных исполнительных органов города областного значения и районов Западно-Казахстанской области (далее – услугодатель) в соответствии со Стандартом государственной услуги "Приватизация жилищ из государственного жилищного фонда", утвержденного приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года №319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" (зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 мая 2015 года №11015) (далее - Стандарт).

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через канцелярию услугодателя.

      2. Форма оказания государственной услуги: бумажная.

      3. Государственная услуга оказывается бесплатно физическим лицам (далее – услугополучатель).

      4. Результат оказания государственной услуги:

      1 – этап: решение жилищной комиссии о приватизации жилища, либо мотивированный отказ в письменном виде;

      2 – этап: в случае передачи жилища из жилищного фонда государственных предприятий и государственных учреждений в коммунальную собственность со дня вынесения решения о передаче осуществляется в соответствии с Правилами передачи государственного имущества, закрепленного за государственными юридическими лицами, из одного вида государственной собственности в другой, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2011 года № 616.

      При осуществлении органом, предоставляющим жилище, перевода жилища, подлежащего приватизации, в коммунальный жилищный фонд единовременно услугополучателю представляется справка о стоимости жилища, где указывается сумма, подлежащая оплате;

      3 – этап: заключение договора о приватизации жилища между услугодателем и услугополучателем, либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги в случае и по основаниям, предусмотренным пунктом 10 Стандарта.

      При безвозмездном приобретении в собственность жилища оплата не производится.

2. Описание порядка действий структурных подразделений
(работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      5. Основанием для начала процедуры по оказанию государственной услуги является заявление услугополучателя с приложением необходимых документов, указанных в пункте 9 Стандарта.

      6. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения:

      1) услугополучатель государственной услуги подает заявление и необходимые документы работнику канцелярии услугодателя в течение 20 (двадцати) минут.

      Проверка пакета документов предоставленных услугополучателем, предусмотренных пунктом 9 Стандарта.

      В случаях представления услугополучателем неполного пакета документов, предусмотренных пунктом 9 Стандарта и (или) документов с истекшим сроком действия, работник канцелярии услугодателя отказывает в приеме заявления;

      2) работник канцелярии услугодателя принимает документы, выдает подтверждение о получении документов услугополучателя со штампом услугодателя, содержащее дату и время приема документов, с указанием фамилии, имени, отчества лица, принявшего документы и направляет документы руководителю услугодателя в течение 1 (одного) календарного дня;

      3) руководитель услугодателя ознакамливается с документами и определяет ответственного исполнителя в течение 1 (одного) календарного дня;

      4) ответственный исполнитель услугодателя проверяет поступившее заявление, готовит документы услугополучателя на рассмотрение жилищной комиссии в течение 1 (одного) календарного дня;

      5) рассмотрение заявления с документами услугополучателя на заседании жилищной комиссии в течение 20 (двадцати) календарных дней;

      6) ответственный исполнитель услугодателя готовит на бумажном носителе результат решения жилищной комиссии при положительном
решении (договор о приватизации жилища), либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги в течение 5 (пяти) календарных дней, после чего направляет на подпись руководителю услугодателя;

      7) руководитель услугодателя подписывает результат оказания государственной услуги на бумажном носителе, после чего направляет работнику канцелярии услугодателя в течение 1 (одного) календарного дня;

      8) работник канцелярии услугодателя выдает результат оказания государственной услуги услугополучателю в течение 1 (одного) часа.

      Услугодатель и услугополучатель заключает договор о приватизации жилища в течение 30 (тридцати) календарных дней.

      Услугополучателем производится оплата стоимости жилища предусмотренным пункта 22 главы 2 Правил приватизации жилищ из государственного жилищного фонда, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2013 года №673 в течение 30 (тридцати) календарных дней.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      7. Перечень структурных подразделений (работников) услугодателя, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги:

      1) работник канцелярии услугодателя;

      2) руководитель услугодателя;

      3) ответственный исполнитель услугодателя;

      4) жилищная комиссия.

      8. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги, отражается в справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги согласно приложению к настоящему Регламенту государственной услуги "Приватизация жилищ из государственного жилищного фонда".

      9. Обжалование решений, действий (бездействий) услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг осуществляется в соответствии с главой 3 Стандарта.

  Приложение
к регламенту государственной
услуги
"Приватизация жилищ из
государственного жилищного
фонда"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги "Приватизация жилищ из государственного жилищного фонда"


Условные обозначения


"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 231 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 қазанда № 4909 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 201 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.08.2020 № 201 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 мамырда №11015 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ғ.Ғ.Орынғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.О.Азбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
Б. Азбаев

  2017 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 231
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қаласы және аудандарының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 мамырда №11015 тіркелген) бекітілген "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетіледі.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      1-кезең: тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйді жекешелендіру немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту туралы шешімі;

      2-кезең: тұрғын үйді беру туралы шешім шығарылған күннен бастап оны мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке берген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тұрғын үйді беретін орган жекешелендіруге жататын тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстыруды жүзеге асырған кезде бір мезгілде көрсетілетін қызметті алушыға төленуі тиіс сома көрсетілген тұрғын үйдің құны туралы анықтама беріледі;

      3-кезең: жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасалады немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Тұрғын үйді меншікке өтеусіз алған кезде төлем жүргізілмейді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен қоса өтініші беруі мемлекеттік қызметті көрсету рәсімдерін бастауға негіз болады.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне өтінішті және қажетті құжаттарды тапсырады – 20 (жиырма) минут ішінде;

      Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы тапсырған құжаттардың топтамасын тексеру.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды, құжатты қабылдаған тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты, құжаттардың қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алғаны туралы көрсетілетін қызметті берушінің мөрі басылған растау береді және 1 (бір) күнтізбелік күннің ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және 1 (бір) күнтізбелік күннің ішінде жауапты орындаушыны анықтайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) күнтізбелік күннің ішінде келіп түскен өтінішті тексеріп, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тұрғын үй комиссиясының қарауына дайындайды;

      5) көрсетілетін қызметті алушының өтінішімен құжаттарын тұрғын үй комиссиясы отырысында 20 (жиырма) күнтізбелік күннің ішінде қарауы;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) күнтізбелік күннің ішінде, оңды шешілген жағдайда қағаз жеткізгіште тұрғын үй комиссиясының шешімі нәтижесін (тұрғын үйді жекешелендіру шарты), немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қағаз жеткізгіштегі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды, содан кейін 1 (бір) күнтізбелік күннің ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жібереді;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларының 2-тарауының 22-тармағында көзделген негіздер бойынша тұрғын үйдің құнын төлеуді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      4) тұрғын үй комиссиясы.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-қимылы) реттілігінің толық сипаттамасы "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Мемлекеттiк тұрғын үй
қорынан берілетін тұрғын
үйлерді жекешелендiру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


Шартты белгілер