О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 22 сентября 2015 года № 267 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области регулирования использования водного фонда"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 31 октября 2017 года № 275. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 22 ноября 2017 года № 4958. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 20 апреля 2020 года № 74

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 20.04.2020 № 74 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", в соответствии с приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 6 мая 2015 года № 19-1/422 "Об утверждении стандартов государственных услуг в области регулирования использования водного фонда" (зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 июля 2015 года №11765) акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 22 сентября 2015 года №267 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области регулирования использования водного фонда" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4117, опубликованное 3 ноября 2015 года в газетах "Орал өңірі" и "Приуралье") следующие изменения:

      в регламенте государственной услуги "Выдача разрешения на использование подземных вод питьевого качества для целей, не связанных с питьевым и хозяйственно-бытовым водоснабжением на территориях, где отсутствуют поверхностные водные объекты, но имеются достаточные запасы подземных вод питьевого качества", утвержденный указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Результат оказания государственной услуги – письмо о разрешении на использование подземных вод питьевого качества для целей, не связанных с питьевым и хозяйственно-бытовым водоснабжением на территориях, где отсутствуют поверхностные водные объекты, но имеются достаточные запасы подземных вод питьевого качества (далее – разрешение) либо мотивированный ответ об отказе по основаниям, предусмотренным пунктом 9-1 Стандарта.";

      в регламенте государственной услуги "Предоставление водных объектов в обособленное или совместное пользование на конкурсной основе", утвержденном указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Результат оказания государственной услуги – договор о представлении водного объекта в обособленное или совместное пользование между местными исполнительными органами области и победителем конкурса в бумажном виде на основании решения местного исполнительного органа области о предоставлении водного объекта в обособленное или совместное пользование и (или) протокола конкурсной комиссии об итогах конкурса (далее – договор) либо мотивированный ответ об отказе по основаниям, предусмотренным пунктом 9-1 Стандарта.".

      2. Государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Западно-Казахстанской области" (Давлетжанов А.М.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно-Казахстанской области Стексова И.В.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня первого официального опубликования.

      Аким области А. Кульгинов

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 267 "Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 275 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қарашада № 4958 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 74 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20.04.2020 № 74 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 "Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 шілдеде №11765 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі қаулы етеді:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі №267 "Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4117 тіркелген, 2015 жылғы 3 қарашада "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      3-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі – жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық – тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат туралы хат (бұдан әрі – рұқсат) не Стандарттың 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      3-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі – облыстың жергiлiктi атқарушы органының су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімі және (немесе) конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия хаттамасы негізінде қағаз түрінде облыстың жергiлiктi атқарушы органдары мен конкурс жеңімпазы арасындағы су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) не Стандарттың 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.".

      2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.М.Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары И.В.Стексовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Көлгінов