О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 октября 2016 года № 19 "Об утверждении Положения о Комиссии по этике уполномоченного органа по делам государственной службы"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 27 февраля 2018 года № 52. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 марта 2018 года № 16465

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 октября 2016 года № 19 "Об утверждении Положения о Комиссии по этике уполномоченного органа по делам государственной службы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14374, опубликован 4 ноября 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Положении о Комиссии по этике уполномоченного органа по делам государственной службы, утвержденном указанным приказом:

      часть первую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Персональный состав Комиссии определяется председателем Агентства. Состав Комиссии образуют председатель и члены Комиссии.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Председатель Комиссии:

      1) возглавляет Комиссию, организует и осуществляет руководство ее работой;

      2) определяет повестку дня заседаний Комиссии;

      3) созывает заседания Комиссии и председательствует на них;

      4) определяет докладчика по конкретному вопросу, рассматриваемому на заседании Комиссии;

      5) принимает решение о проведении закрытого заседания Комиссии;

      6) направляет решение Комиссии в соответствующий государственный орган;

      7) по итогам проведения заседания Комиссии отчитывается перед председателем Агентства.

      В отсутствие председателя Комиссии по его поручению исполняет обязанности председателя один из членов Комиссии.".

      2. Департаменту контроля в сфере государственной службы Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Ахметжанова С.К.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан по делам
государственной службы и
противодействию коррупции
А. Шпекбаев

"Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2018 жылғы 2 наурызда № 16465 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 қазандағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14374 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы ережесінде:

      6-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Комиссияның жеке құрамы Агенттіктің төрағасымен анықталады. Комиссия құрамын Комиссия төрағасы мен мүшелері құрайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссияның Төрағасы:

      1) Комиссияны басқарады, оның жұмысын басшылыққа алуын іске асырады және ұйымдастырады;

      2) Комиссия мәжілісінің күн тәртібін анықтайды;

      3) Комиссия мәжілісін шақыртады және онда төрағалық етеді;

      4) Комиссия мәжілісінде қаралатын нақты мәселе бойынша баяндаушыны анықтайды;

      5) Комиссияның жабық мәжілісін өткізу туралы шешім бекітеді;

      6) Комиссияның шешімін мемлекеттік органға жолдайды;

      7) Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Агенттіктің төрағасына баяндайды.

      Комиссия төрағасы болмаған кезде оның тапсырмасы бойынша Комиссия мүшелерінің бірі төрағаның міндеттерін атқарады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті заңмен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
А. Шпекбаев