О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 июля 2017 года № 355 "Об утверждении Типовых правил организации работы Попечительского совета и порядок его избрания в организациях образования"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 апреля 2018 года № 123. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 мая 2018 года № 16860

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 июля 2017 года № 355 "Об утверждении Типовых правил организации работы Попечительского совета и порядок его избрания в организациях образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15584, опубликован 7 сентября 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Типовых правилах организации работы Попечительского совета и порядок его избрания в организациях образования, утвержденных указанным приказом:

      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Типовые правила организации работы Попечительского совета и порядок его избрания в организациях образования (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 9 статьи 44 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" и определяют порядок организации деятельности Попечительского совета (далее – Попечительский совет) и его избрания в организациях образования.

      2. Попечительский совет создается в организациях образования за исключением военных, специальных, медицинских и фармацевтических учебных заведений, подведомственных органам национальной безопасности Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан, органам прокуратуры Республики Казахстан, Министерства обороны Республики Казахстан и Министерства здравоохранения Республики Казахстан, негосударственных организаций образования, а также государственных некоммерческих организаций образования, созданных в форме акционерного общества.";

      пункты 5 и 6 изложить в следующей редакции:

      "5. Уполномоченный орган соответствующей отрасли или местный исполнительный орган в области образования размещает объявление о формировании Попечительского совета и приеме предложений по его составу на собственном интернет-ресурсе и/или в периодическом печатном издании, распространяемом на территории соответствующей административно-территориальной единицы на казахском и русском языках.

      Прием предложений осуществляется в течение десяти рабочих дней после дня опубликования объявления.

      6. Состав Попечительского совета формируется на основе полученных предложений с письменного согласия кандидатов в члены Попечительского совета и утверждается уполномоченным органом соответствующей отрасли или местным исполнительным органом в области образования в течение трех рабочих дней после окончания приема предложений.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Число членов Попечительского совета является нечетным и составляет не менее девяти человек, не находящихся в отношениях близкого родства и свойства друг с другом и руководителем данной организации образования. Срок полномочий членов Попечительского совета составляет три года. Члены Попечительского совета не входят в штат работников данной организации образования.

      Полномочия Попечительского совета, созданного в опорной школе (ресурсном центре), распространяются и на малокомплектные школы, закрепленные за ней.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Секретарь Попечительского совета назначается из числа работников организации образования и не является членом Попечительского совета.

      Секретарь Попечительского совета обеспечивает подготовку, проведение, оформление материалов и протоколов заседаний Попечительского совета.";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Заседания Попечительского совета проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал.

      Представители территориальных департаментов Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан допускаются к участию в его заседаниях в качестве наблюдателей без права голоса.";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Каждый член Попечительского совета организации образования имеет при голосовании один голос без права его передачи.";

      пункт 31 изложить в следующей редакции:

      "31. Член Попечительского совета исключается из состава Попечительского совета:

      1) по личной инициативе;

      2) по причине отсутствия без уважительных причин на заседаниях более трех раз подряд.".

      2. Комитету по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (Джумашеву Г.С.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Ешенкулова Т.И.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев

 

      "СОГЛАСОВАН"
Заместитель Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
____________У. Шукеев
"___"__________2018 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр финансов
Республики Казахстан
___________Б.Султанов
"___"___________2018 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
__________А. Мухамедиулы
"___"___________2018 года

"Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 мамырда № 16860 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15584 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымындарында Қамқоршылық кеңесінің (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.

      2. Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарына, мемлекеттік емес білім беру ұйымдарына, сондай-ақ акционерлік қоғам нысанында құрылған мемлекеттік коммерциялық емес білім беру ұйымдарын қоспағанда білім беру ұйымдарында құрылады.";

      5 және 6 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет қорында және/немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.

      Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      6. Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады және тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бекітеді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.

      Тірек мектептерінде (ресурс орталығы) құрылған Қамқоршылық кеңес өкілеттігі оған бекітілген шағын жинақты мектептерге де таратылады.";

      13 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қамқоршылық кеңестің хатшысы білім беру ұйымдары қызыметкерлері арасынан тағайындалады және ол Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайды.

      Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің дайындығын, өткізілуін, материалдар мен отырыс хаттамасының рәсімделуін қамтамасыз етеді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің өкілдері оның отырыстарына дауыс беру құқығынсыз байқаушы ретінде қатысуға жіберіледі.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа оны беру құқығынсыз ие.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Қамқоршылық кеңестің мүшесі:

      1) өз бастамасы бойынша;

      2) отырыстарда себепсіз қатарынан үш рет болмауы себепті Қамқоршылық кеңестің құрамынан шығарылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Ғ.С. Жұмашев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.І. Ешенқұловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ____________Ө. Шөкеев

      2018 жыл "___"__________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________Б.Сұлтанов

      2018 жыл "___"__________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      __________А. Мұхамедиұлы

      2018 жыл "___"__________