О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 августа 2017 года № 337 "Об утверждении Правил по перезакреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к лицам, за которыми они ранее были закреплены"

Приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 10 июля 2018 года № 294. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 июля 2018 года № 17227. Утратил силу приказом Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 21 мая 2024 года № 107.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра экологии и природных ресурсов РК от 21.05.2024 № 107 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 августа 2017 года № 337 "Об утверждении Правил по перезакреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к лицам, за которыми они ранее были закреплены" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15722, опубликован 25 сентября 2017 года в эталонном контрольном банке нормативно-правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      в Правилах по перезакреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков, утвержденных указанным приказом:

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Заявка включает в себя:

      оригинал заявления на перезакрепление охотничьих угодий по форме, согласно приложению 3 к настоящим Правилам;

      документы, подтверждающие соответствие заявителя установленным квалификационным требованиям, предъявляемым к заявителям:

      оригинал плана развития субъекта охотничьего хозяйства (на два года) в соответствии с типовой формой, утвержденной приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 18-04/287 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10890) (далее – Типовая форма);

      копии документов, подтверждающих наличие материально-технических средств;

      копии заключенных трудовых договоров и дипломов со специалистами в области охотничьего хозяйства;

      оригинал справки банка, филиала или отделения банка на бумажном носителе с подписью и печатью, в котором обслуживается заявитель об отсутствии просроченной задолженности по всем видам обязательств заявителя, перед банком, филиалом или отделением банка (в случае, если заявитель является клиентом нескольких банков второго уровня, филиалов или отделений, а также иностранного банка, данная справка представляется от каждого из таких банков), выданной не ранее тридцати календарных дней предшествующего дате подачи заявки;

      сведения о выполнении обязательств согласно плану развития субъектов охотничьего хозяйства.".

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
У. Шукеев

"Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 10 шілдедегі № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 шілдеде № 17227 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 107 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.05.2024 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15722 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидаларда:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Өтінім мыналарды қамтиды:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарды қайта бекітуге берілген өтініштің түпнұсқасы;

      өтінім берушінің өтінім берушілерге қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) бекітілген үлгілік нысанға (бұдан әрі – Үлгілік нысан) сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектісін дамыту жоспарының (екі жылға арналған) түпнұсқасы;

      материалдық-техникалық құралдардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      аңшылық шаруашылығы саласындағы мамандармен жасалған еңбек шарттарының және олардың дипломдарының көшірмелері;

      өтінім берушіге қызмет көрсетілетін банктің, банк филиалының немесе бөлімшесінің өтінім берушінің банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдындағы міндеттемесінің барлық түрі бойынша уақыты өтіп кеткен берешегінің жоқ екені туралы өтінім берілген күннің алдында отыз күнтізбелік күннен ерте берілмеген қағаз тасығышта қол қойылып, мөр басылған анықтамасының түпнұсқасы (өтінім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің, филиалдарының немесе бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі);

      аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарына сәйкес міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары −
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев