О внесении изменения в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 27 марта 2012 года № 78-п "Об утверждении Правил согласования планов и программ развития территорий, стратегических планов местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы до их утверждения с уполномоченным органом в области охраны окружающей среды"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 3 сентября 2018 года № 348. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 сентября 2018 года № 17418. Утратил силу приказом и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 3 июня 2022 года № 202.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 03.06.2022 № 202 (вводится в действие после истечения десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 27 марта 2012 года № 78-п "Об утверждении Правил согласования планов и программ развития территорий, стратегических планов местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы до их утверждения с уполномоченным органом в области охраны окружающей среды" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7600, опубликован 23 июня 2012 года в газете "Казахстанская правда" № 199-200 (27018-27019)) следующее изменение:

      в Правилах согласования планов и программ развития территорий, стратегических планов местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы до их утверждения с уполномоченным органом в области охраны окружающей среды, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Настоящие Правила разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 98 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года.".

      2. Департаменту стратегического планирования и анализа Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетикиРеспублики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
К. Бозумбаев

"Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 78-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 17418 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 3 маусымдағы № 202 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2022 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 78-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7600 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 23 маусымда № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалар 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 98-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев