О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 мая 2018 года № 188 "Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 10 декабря 2018 года № 490. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 декабря 2018 года № 17910

      Примечание РЦПИ!
Порядок введения в действие настоящего приказа см. п. 4.

      В соответствии с пунктом 5 Общенационального плана мероприятий по реализации Послания Главы государства народу Казахстана от 5 октября 2018 года "Рост благосостояния казахстанцев: повышение доходов и качества жизни", утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 12 октября 2018 года № 772, а также во исполнение пункта 1 протокола оперативного совещания Совета Безопасности Республики Казахстан от 7 ноября 2018 года № 18-21-02.3 в целях снижения тарифов на тепловую энергию для населения и электрическую энергию ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 мая 2018 года № 188 "Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 17017, опубликован 12 июня 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнение:

      в предельных ценах оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан на период с 1 июля 2018 года по 30 июня 2019 года, утвержденных указанным приказом:

      строки, порядковые номера 1, 2, 3, 4, изложить в следующей редакции:

      "

1.

город Алматы

23 522 (двадцать три тысячи пятьсот двадцать два)

2.

Алматинская область

23 522 (двадцать три тысячи пятьсот двадцать два)

3.

Туркестанская область

21 648 (двадцать одна тысяча шестьсот сорок восемь)

4.

Жамбылская область

21 197 (двадцать одна тысяча сто девяносто семь)

      ";

      дополнить строкой, порядковый номер 12, следующего содержания:

      "

12.

город Шымкент

21 648 (двадцать одна тысяча шестьсот сорок восемь)

      ";

      предельные цены оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан на период с 1 июля 2018 года по 30 июня 2019 года, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту развития газовой промышленности Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2019 года, за исключением абзацев второго, третьего и четвертого пункта 1 настоящего приказа, которые вводятся в действие с 1 июля 2018 года и действуют до 1 января 2019 года, и подлежит официальному опубликованию.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
К. Бозумбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение
к приказу Министра энергетики
Республики Казахстан
от 10 декабря 2018 года № 490
  Утверждены
приказом Министра энергетики
Республики Казахстан
от 15 мая 2018 года № 188

Предельные цены оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан на период с 1 июля 2018 года по 30 июня 2019 года

№ п/п

Регион

Предельная цена в тенге за тысячу кубических метров без учета налога на добавленную стоимость

1.

город Алматы

19 405 (девятнадцать тысяч четыреста пять)

2.

Алматинская область

19 405 (девятнадцать тысяч четыреста пять)

3.

город Шымкент

20 819 (двадцать тысяч восемьсот девятнадцать)

4.

Туркестанская область

20 819 (двадцать тысяч восемьсот девятнадцать)

5.

Жамбылская область

18 775 (восемнадцать тысяч семьсот семьдесят пять)

6.

Кызылординская область

7 268 (семь тысяч двести шестьдесят восемь)

7.

Западно-Казахстанская область

10 541 (десять тысяч пятьсот сорок один)

8.

Актюбинская область

5 574 (пять тысяч пятьсот семьдесят четыре)

9.

Атырауская область

6 340 (шесть тысяч триста сорок)

10.

Костанайская область

17 305 (семнадцать тысяч триста пять)

11.

Восточно-Казахстанская область

7 563 (семь тысяч пятьсот шестьдесят три)

12.

Мангистауская область

12 552 (двенадцать тысяч пятьсот пятьдесят два)


"Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 188 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 490 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 17910 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 5-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі жедел жиналысының 2018 жылғы 7 қарашадағы № 18-21-02.3 Хаттамасының 1-тармағын орындау мақсатында халық үшін жылу энергиясына және электр энергиясына тарифтерді төмендету үшін БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17017 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2019 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағаларында:

      реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Алматы қаласы

23 522 (жиырма үш мың бес жүз жиырма екі)

2.

Алматы облысы

23 522 (жиырма үш мың бес жүз жиырма екі)

3.

Түркістан облысы

21 648 (жиырма бір мың алты жүз қырық сегіз)

4.

Жамбыл облысы

21 197 (жиырма бір мың бір жүз тоқсан жеті)

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-жолмен толықтырылсын:

      "

12.

Шымкент қаласы

21 648 (жиырма бір мың алты жүз қырық сегіз)

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2019 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 490 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 15 мамырдағы
№ 188 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2019 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары

Р/с

Өңір

Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен

1.

Алматы қаласы

19 405 (он тоғыз мың төрт жүз бес)

2.

Алматы облысы

19 405 (он тоғыз мың төрт жүз бес)

3.

Шымкент қаласы

20 819 (жиырма мың сегіз жүз он тоғыз)

4.

Түркістан облысы

20 819 (жиырма мың сегіз жүз он тоғыз)

5.

Жамбыл облысы

18 775 (он сегіз мың жеті жүз жетпіс бес)

6.

Қызылорда облысы

7 268 (жеті мың екі жүз алпыс сегіз)

7.

Батыс Қазақстан облысы

10 541 (он мың бес жүз қырық бір)

8.

Ақтөбе облысы

5 574 (бес мың бес жүз жетпіс төрт)

9.

Атырау облысы

6 340 (алты мың үш жүз қырық)

10.

Қостанай облысы

17 305 (он жеті мың үш жүз бес)

11.

Шығыс Қазақстан облысы

7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш)

12.

Маңғыстау облысы

12 552 (он екі мың бес жүз елу екі)