О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 28 апреля 2014 года № 189 "Об утверждении Правил учета временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих, назначения и отстранения реабилитационного и банкротного управляющих, а также Правил повышения квалификации временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2018 года № 1067. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 декабря 2018 года № 17935. Утратил силу приказом Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2020 года № 343.

      Сноска. Утратил силу приказом Первого заместителя Премьер-Министра РК – Министра финансов РК от 01.04.2020 № 343 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 28 апреля 2014 года № 189 "Об утверждении Правил учета временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих, назначения и отстранения реабилитационного и банкротного управляющих, а также Правил повышения квалификации временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9478, опубликован 2 июля 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      в Правилах учета временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих, назначения и отстранения реабилитационного и банкротного управляющих, утвержденных указанным приказом:

      часть вторую пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "К территориальным подразделениям уполномоченного органа относятся департаменты государственных доходов по областям, городам республиканского значения, столицы.".

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
А. Смаилов

"Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын, сондай-ақ уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 1067 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 желтоқсанда № 17935 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 343 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 01.04.2020 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын, сондай-ақ уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9478 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген, Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларында:

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша мемлекттік кірістер департаменттері жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов