О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 "Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 декабря 2018 года № 682. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 декабря 2018 года № 17944

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 "Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13418, опубликован 17 марта 2016 года в Информационно-правовой системе нормативных правовых актов "Әділет") следующее изменение:

      в Правилах размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование, утвержденных указанным приказом:

      пункт 41 изложить в следующей редакции:

      "41. Комплектование контингента детей для размещения государственного образовательного заказа проводится управлением образования города республиканского значения, столицы, отделом образования города (района).

      Для размещения государственного образовательного заказа на среднее образование управлением образования города республиканского значения, столицы, отделом образования города (района) проводится конкурс.

      Управление образования города республиканского значения, столицы, отдел образования города (района) на интернет-ресурсах размещает информацию о начале принятия документов организаций среднего образования для участия в конкурсе по размещению государственного образовательного заказа на среднее образование:

      1) на предстоящий учебный год – до 1 мая календарного года;

      2) в течение учебного года – в срок, устанавливаемый управлением образования города республиканского значения, столицы, отделом образования города (района) самостоятельно.

      Организация среднего образования представляет в управление образования города республиканского значения, столицы, отдел образования города (района) документы для участия в конкурсе по размещению государственного образовательного заказа на среднее образование:

      1) на предстоящий учебный год – не позднее 1 июля календарного года;

      2) в течение учебного года – в срок, устанавливаемый управлением образования города республиканского значения, столицы, отделом образования города (района) самостоятельно.

      Организация среднего образования для участия в конкурсе по размещению государственного образовательного заказа на среднее образование представляет следующие документы:

      1) заявление на имя председателя Комиссии по форме согласно приложению 12 к настоящим Правилам;

      2) копия лицензии на занятие образовательной деятельностью по общеобразовательным учебным программам начального, основного среднего, общего среднего образования, выданной по форме в соответствии со статьей 24 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях";

      3) справка о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица;

      4) копия устава;

      5) справка об отсутствии банковских задолженностей (в произвольной форме), выдаваемая банками второго уровня;

      6) сведения об отсутствии (наличии) задолженности, учет по которым ведется в органах государственных доходов по форме, утвержденной приказом Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 306 "Об утверждении Правил ведения лицевых счетов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16601).

      Управление образования города республиканского значения, столицы, отдел образования города (района) устанавливает сроки проведения конкурса:

      1) на предстоящий учебный год – не позднее 1 августа календарного года;

      2) в течение учебного года – самостоятельно.".

      2. Департаменту бюджетного планирования Министерства образования науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Асылову Б.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев

"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 682 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17944 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін балалар контингентін жинақтауды республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі жүргізеді.

      Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі конкурс өткізеді.

      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін орта білім беру ұйымдарының құжаттарын қабылдаудың басталуы туралы ақпаратты интернет-ресурстарда орналастырады:

      1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 мамырына дейін;

      2) оқу жылы ішінде – республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі дербес түрде белгілейтін мерзімде.

      Орта білім беру ұйымы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасына, қаланың (ауданның) білім бөліміне ұсынады:

      1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей;

      2) оқу жылы ішінде – республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі дербес түрде белгілейтін мерзімде.

      Орта білім беру ұйымы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;

      2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес бекітілген нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның көшірмесі;

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      4) жарғы көшірмесі;

      5) екінші деңгейлі банктерден берілетін берешектерінің болмауы туралы анықтама (еркін нысанда);

      6) "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша салық төлеушінің есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет.

      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі конкурсты өткізу мерзімдерін белгілейді:

      1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 тамызынан кешіктірмей;

      2) оқу жылы ішінде – дербес түрде.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев