О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 6 февраля 2017 года № 10-83 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Зерендинском районе"

Решение Зерендинского районного маслихата Акмолинской области от 28 февраля 2018 года № 20-164. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 6 марта 2018 года № 6459. Утратило силу решением Зерендинского районного маслихата Акмолинской области от 26 декабря 2023 года № 13-95

      Сноска. Утратило силу решением Зерендинского районного маслихата Акмолинской области от 26.12.2023 № 13-95 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504, Зерендинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Зерендинского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Зерендинском районе" от 6 февраля 2017 года № 10-83 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5756, опубликовано 3 марта 2017 года в районных газетах "Зерделі–Зеренді", "Зерен") следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Зерендинском районе:

      абзац 5 подпункта 10) пункта 9 изложить в новой редакции:

      "на приобретение лекарственных препаратов по заключению врачебно-консультативной комиссии, не входящих в перечень утвержденных Приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 августа 2017 года № 666 "Об утверждении Перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения для обеспечения граждан в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования, в том числе отдельных категорий граждан с определенными заболеваниями (состояниями) бесплатными и (или) льготными лекарственными средствами, изделиями медицинского назначения и специализированными лечебными продуктами на амбулаторном уровне" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15724) по заключению врачебно-консультационной комиссии, в размере 15 месячных расчетных показателей, единовременно.";

      подпункт 11) пункта 9 исключить.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии,
секретарь районного
маслихата
К.Аугалиев

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким
Зерендинского района
М.Мустафин

      "28" февраля 2018 года

Зеренді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 ақпандағы № 10-83 "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 20-164 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 наурызда № 6459 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-95 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 13-95 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 6 ақпандағы № 10-83 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5756 тіркелген, 2017 жылғы 3 наурызда "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      9 тармақтың 10) тармақшадағы 5 абзац жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15724 тіркелген) тізілімге енгізілмеген дәрі-дәрмектерді сатып алғандары үшін дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсетіледі.";

      9 тармақтың 11) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының
әкімі
М.Мұстафин

      2018 жылғы "28" ақпан