Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, по Иргизскому району на 2018 год

Постановление акимата Иргизского района Актюбинской области от 11 июня 2018 года № 90. Зарегистрировано Управлением юстиции Иргизского района Департамента юстиции Актюбинской области 9 июля 2018 года № 3-5-186. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии со статьей 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", статьями 9, 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат Иргизского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в размере двух процентов от списочной численности работников организации независимо от организационно-правовой формы и формы собственности по Иргизскому району на 2018 год.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Иргизского района" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Управлении юстиции Иргизского района;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Иргизского района.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района А. Шахина.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района М. Елеусизов

2018 жылға Ырғыз ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 90 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 9 шілдеде № 3-5-186 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға Ырғыз ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Ырғыз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ырғыз аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Шахинге жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Елеусізов