Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2019 год

Постановление акимата города Рудного Костанайской области от 28 сентября 2018 года № 1382. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 17 октября 2018 года № 8063. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", акимат города Рудного ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, в разрезе организаций на 2019 год согласно приложению.

      2. Государственному учреждению "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Рудного после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Рудного.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима города Рудного Е. Скаредина

  Приложение
к постановлению акимата
от "28" сентября 2018 года
№ 1382

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, в разрезе организаций на 2019 год


п/п

Наименование организации

Списочная численность работников на предприятии, человек

Размер квоты в процентном выражении от списочной численности работников

Количество рабочих мест

1.

Государственное коммунальное предприятие "Железорудная ТЭК" акимата города Рудного

82

1,2 %

1

2.

Акционерное общество "Рудныйсоколовстрой"

712

0,4 %

3


2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1382 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қазанда № 8063 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласы әкімінің міндетін атқарушы Е. Скаредина

  Әкімдіктің
2018 жылғы "28" қыркүйектегі
№ 1382 қаулысына
қосымша

2019 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота


р/с

Ұйымның атауы

Кәсіпорындағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімдегі квота мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1.

Рудный қаласы әкімдігінің "Железорудная ЖЭК" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

82

1,2 %

1

2.

"Рудныйсоколовстрой" акционерлік қоғамы

712

0,4 %

3