Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий

Постановление акимата Федоровского района Костанайской области от 28 марта 2018 года № 81. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 17 апреля 2018 года № 7709

      В соответствии с пунктом 2 статьи 140 Закона Республики Казахстан от 01 марта 2011 года "О государственном имуществе", акимат Федоровского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить норматив отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел экономики и финансов Федоровского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления акимата направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Федоровского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Федоровского района по вопросам экономики.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Т. Исабаев

  Приложение
к постановлению акимата
от 28 марта 2018 года
№ 81

Норматив отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Федоровского района

Чистый доход до 3 000 000 тенге

5 процентов с суммы чистого дохода

Чистый доход от 3 000 001 тенге до 50 000 000 тенге

150 000 тенге + 10 процентов с суммы, превышающей чистый доход в размере 3 000 000 тенге

Чистый доход от 50 000 001 тенге до 250 000 000 тенге

4 850 000 тенге + 15 процентов с суммы, превышающей чистый доход в размере 50 000 000 тенге


Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 81 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 сәуірде № 7709 болып тіркелді

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.

      2. "Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Исабаев

  Федоров ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "28" наурыздағы
№ 81 қаулысына
қосымша

Федоров ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін

Таза кіріс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз

Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз