О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Тереңкөл на 2019 год

Решение маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 28 декабря 2018 года № 2/40. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 9 января 2019 года № 6228

      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" и приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", маслихат района Тереңкөл РЕШИЛ:

      1. Предоставить в 2019 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Тереңкөл, социальную поддержку для приобретения или строительства жилья-бюджетный кредит в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.

      2. Предоставить в 2019 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Тереңкөл, подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным решением маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 15.08.2019 № 2/48 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Признать утратившим силу решение Качирского районного маслихата от 8 апреля 2016 года № 2/2 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Качирского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5090, опубликованное 3 мая 2016 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию маслихата района Тереңкөл по социальной сфере и законности.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии С. Баяндинов
      Секретарь маслихата района Тереңкөл С. Баяндинов

2019 жылға арналған Тереңкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 2/40 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 қаңтарда № 6228 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" № 183 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" № 72 бұйрығына сәйкес,Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тереңкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау–бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.

      2. Тереңкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 15.08.2019 № 2/48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тереңкөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі "Качир ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" № 2/2 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5090 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауТереңкөл аудандық мәслихатының әлеуметтік сала мен заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Баяндинов
      Тереңкөл аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Баяндинов