Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации

Постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 1 марта 2018 года № 64. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 15 марта 2018 года № 4600. Утратило силу постановлением акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 30 января 2019 года № 21

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 30.01.2019 № 21 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", Приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, согласно приложению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области, курирующего данную сферу.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Б. Жумабеков

  Приложение
  к постановлению акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 01 марта 2018 года № 64

Список организаций с установленной квотой рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации

Наименование организации

Количество рабочих мест

Процент квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоты (человек)

Товарищество с ограниченной ответственностью "Алтын-Дэн Новоишимка"

76

2%

2


Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 64 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 наурызда № 4600 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 21 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 30.01.2019 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін қосымшаға сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Жұмабеков

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 01 наурыздағы № 64 қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі

Ұйымдар атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері

Белгіленген квотаға (адам) сәйкес жұмыс орындарының саны

"Алтын-Дэн Новоишимка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

76

2%

2