О присвоении наименования и переименовании административно-территориальных единиц Южно-Казахстанской области

Совместное постановление акимата Южно-Казахстанской области от 21 июня 2018 года № 194 и решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 21 июня 2018 года № 25/286-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 18 июля 2018 года № 4688

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" и на основании заключения областной ономастической комиссии от 22 декабря 2017 года, акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Южно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Переименовать следующие отдельные административно-территориальные единицы Южно-Казахстанской области:

      по Сайрамскому району:

      населенный пункт Чапаев сельского округа Аксукент в населенный пункт Алаш;

      населенный пункт Манкент сельского округа Аксукент в населенный пункт Байтерек;

      по Сарыагашскому району:

      населенный пункт Капланбек сельского округа Кабланбек в населенный пункт Кабыланбек;

      населенный пункт Белый дом сельского округа Куркелес в населенный пункт Ак уй;

      по Тюлькубасскому району:

      село М.Горький сельского округа Майлыкент в село Караагашты.

      2. Присвоить безымянному населенному пункту сельского округа Куркелес Сарыагашского района наименование населенный пункт Береке.

      3. Акиматам Сайрамского, Сарыагашского и Тюлькубасского районов Южно-Казахстанской области принять необходимые меры, вытекающие из настоящего совместного постановления и решения.

      4. Государственному учреждению "Аппарат акима Южно-Казахстанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного постановления и решения в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего совместного постановления и решения направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего совместного постановления и решения направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории Южно-Казахстанской области;

      4) размещение настоящего совместного постановления и решения на интернет-ресурсе Южно-Казахстанского областного маслихата после его официального опубликования.

      5. Настоящее совместное постановление и решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Ж.Туймебаев
      Председатель сессии
      областного маслихата З.Чалданов
      Секретарь областного маслихата К.Балабиев
      Усербаев А.Ш.
      Тургумбеков А.Е.
      Садыр Е.А.
      Садибеков У.
      Сарсембаев Т.К.
      Тасжуреков Е.К.
      Сабитов А.С.
      Тасыбаев А.Б.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 194 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 25/286-VI шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 шілдеде № 4688 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысының мынадай жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері:

      Сайрам ауданы бойынша:

      Ақсукент ауылдық округінің Чапаев елді мекені Алаш елді мекені болып;

      Ақсукент ауылдық округінің Манкент елді мекені Бәйтерек елді мекені болып;

      Сарыағаш ауданы бойынша:

      Қабланбек ауылдық округінің Қапланбек елді мекені Қабыланбек елді мекені болып;

      Құркелес ауылдық округінің Белый дом елді мекені Ақ үй елді мекені болып;

      Түлкібас ауданы бойынша:

      Майлыкент ауылдық округінің М.Горький ауылы Қараағашты ауылы болып қайта аталсын.

      2. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округіне қарасты атауы жоқ елді мекенге Береке елді мекені деген атау берілсін.

      3. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Сарыағаш және Түлкібас аудандарының әкімдіктері осы бірлескен қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулы мен шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен қаулы мен шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы бірлескен қаулы мен шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы З. Чалданов
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев
      Ә.Ш.Өсербаев
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      Т.Қ.Сәрсембаев
      Е.Қ.Тасжүреков
      А.С.Сәбитов
      А.Б.Тасыбаев