О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Айнабулакского сельского округа Зайсанского района от 25 августа 2017 года № 2 "Об установлении ограничительных мероприятий в селе Айнабулак Айнабулакского сельского округа"

Решение акима Айнабулакского сельского округа Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 20 июля 2018 года № 6. Зарегистрировано Управлением юстиции Зайсанского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 25 июля 2018 года № 5-11-163

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Зайсанского района от 04 июля 2018 года № 181, аким Айнабулакского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия в селе Айнабулак Айнабулакского сельского округа Зайсанского района в связи с проведением комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации заболевания бруцеллеза среди крупного рогатого скота.

      2. Признать утратившим силу решение акима Айнабулакского сельского округа Зайсанского района от 25 августа 2017 года № 2 "Об установлении ограничительных мероприятий в селе Айнабулак Айнабулакского сельского округа" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5213 от 18 сентября 2017 года, опубликовано 23 сентября 2017 года в районной газете "Достық" и в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде от 29 сентября 2017 года).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


      Аким сельского округа М. Кошербаев

Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Айнабұлақ ауылдық округінің Айнабұлақ ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 2 шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 20 шілдедегі № 6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 25 шілдеде № 5-11-163 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 04 шілдедегі №181 ұсынысы негізінде, Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылдық округіндегі Айнабұлақ ауылында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 2 "Айнабұлақ ауылдық округінің Айнабұлақ ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 18 қыркүйекте № 5213 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 қыркүйекте аудандық "Достық" газетінің № 72 санында және 2017 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Ауылдық округ әкімі М. Көшербаев